Есентаеваның күйеуіне қатысты басты сот процесі қыркүйектің 28 күні басталады

Фотография - Есентаеваның күйеуіне қатысты басты сот процесі қыркүйектің 28 күні басталады

Бақытбектың қорғаушысы Бекболат Жансейітов. Фото: @ Алмаз Толеке

Баян Есентаеваның қызы Айсауле Бақытбек әкесінің қорғаушысы.

1686 0

Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты басты сот процесі қыркүйектің жиырма сегізі күні басталады,-деп хабарлайды Today.kz, айыпталушының қорғаушысына сілтеме жасап.  Қорғаушының айтуынша, зардап шеккен Баян Есентаева келесі отырысқа қатысады.

«Сот жабық режимде өтіп жатыр. Бақытбек Есентаев бірнеше қасақана жасалған қылмыс бойынша айыпталып отыр. Сондықтан, мен мән-жайды ашып айта алмаймын. Сот бізге бұл туралы сұхбат беруге тыйым салды. Келесі отырыс қыркүйектің жиырма сегізі күні болады. Баян Есентаеваның өзі сол күні болуы тиіс», - деді Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы.

Отырысқа қатысқан Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек  әкесінің қорғаушысы екені белгілі болды.

Фото -

Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты істі сот алқасы қарайды. Бұл туралы Қарасай аудандық сотының судьясы Берікжан Байжүнісов мәлімдеді.

Баян Есентаева маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Оны өлтірмек болды деген күдікпен продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев тұтқындылды. Кейін оның оқиға кезінде мас болғаны анықталды. Тергеушілердің болжамы бойынша, Есентаевтар арасындағы дау қызғаныш негізінде туған. Жұбайлар Бақытбек Есентаевтың жиенімен бірге Алматы сыртында көлікпен келе жатқан. Жол бойында қызғанышқа булыққан күйеуі Баянды ұра бастайды. Жолдағы бензин құю станцияларының бірінде күйеуі көлікті жүргізіп келе жатқан жиенін түсіріп тастап, әйелін одан ары соққы жығып, пышақтап тастайды. Оқиға орнына жеткен олардың қызы (істегі материалдар бойынша) әкесін тоқтатып, анасын Талғардағы ауруханаға жеткізіп үлгереді.

20 маусымда Баян Есентаеваны ауруханадан шығарып, операция жасаған дәрігер оның мұрнына пластикалық операция жасау қажетілігі бар екенін айтқан еді.

25 тамызда шетелде емделген Баян Есентаеваның Қазақстанға оралғаны белгілі болды. Ол өзінің Instagram парақшасында бетін көрсетіп түскен алғашқы суретін жариялады. Бұған дейін продюсер желіге тек арқасын көрсетіп тұрған суреттер ғана салып келді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!