Астанада Тоқтар Төлешовтың ісіне қатысты сот отырысы басталды

Фотография - Астанада Тоқтар Төлешовтың ісіне қатысты сот отырысы басталды

Фото: today.kz

Сот жабық режимде өтеді.

551 0

Астанада он алты қылмыс жасады деп айыпталған Тоқтар Төлешовтың ісіне қатысты басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Today.kz.

Осы іс бойынша 25 күдікті сотқа тартылып, оған 16 қорғаушы, 104 куәгер, 17 зардап шеккен адам қатысып жатыр. Қылмыстық іс 300 томнан тұрады.  

Естеріңізге салайық, ғаламторда Тоқтар Төлешовтың қылмысты мойындап жазған хаты тарап кеткен еді. Кейін оның адвокаты хатты растаған болатын. Онда бизнесмен Атырауда өткен митингтің ұйымдастырушысы болғанын және сол үшін, қазір қамауға алынған, белсенді Аяновқа ақша төлегенін мойындаған.

Арнайы операция күшімен Төлешов 30 қаңтарда ұсталды. Одан және онымен бірге ұсталған адамдардан суық қару, есірткі мен күмәнді кітаптар тәркіленді.

ҚР ҰҚК тергеудің нәтижесі туралы хабарлаған болатын. Төлешовке қылмыстық қодекстің он бес бабы бойынша айып тағылып отыр. Тергеу болжамы бойынша, Тоқтар Төлешов өзі қаржыландырып отырған  халықаралық қылмыстық топпен байланыста болған. Шетелдік «беделді» адамдар оны Оңтүстік Қазақстанға жіберіп, сол жақта басқаратын адамдарды анықтауға рұқсат берсе керек. Баспасөз маслихатында олардың жиындары осы Оңтүстік Қазақстанда болып жүргені айтылған болатын.

ҰҚК берген мәлімет бойынша, Тоқтар Төлешов Қазақстанды басқармақ ниетте болған. Бірақ, алдымен қазіргі билік өкілдеріне келесі президенттікке міндетті түрде өту шартын қою арқылы ол вице-президент болып тағайындалғысы келген.  Төлешовтың арнайы дайындықтан өткен 90 сарбазы болыпты. Оның қылмыстық тобы адамдарды ұрлап, өлтірумен айналысқан. Тергеуде осының айғағы болатын фотолар мен бейне таспалар бар.  Тілшілерге Төлешовтан алынған суық қаруды көрсеткен болатын.

Ол елдегі тыныштықты бұзып, оның ішінде жер туралы митингтер ұйымдастыруды жоспарлаған. Жер туралы іс бөлек қаралады.

Осы қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Осыған дейін Төлешовтың ісі әскери сотта жабық режимде қаралатыны туралы айтылған еді. Естеріңізге салайық, осы іске елдегі әскери лауазым иелерінің де қатысы бар болуы мүмкін делінген еді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!