Алматыда адам өлтіріп, мәйітін бөлшектеген күдіктілер Байқоңырда ұсталды

Фотография - Алматыда адам өлтіріп, мәйітін бөлшектеген күдіктілер Байқоңырда ұсталды

Көрнекі фото

Күдіктілер – Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының 22 және 23 жасар тумалары.

313 0

Алматы полициясының тергеушілері 24 жасар қала тұрғынын өлтіріп, оның бөлшектенген мәйітін қоқыс контейнеріне тастаған деген күдікпен екі азаматты ұстады, деп хабарлайды Today.kz, қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

"Алматы полициясының қызметкерлері 7 қыркүйек күні Алмалы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы қоқыс тастайтын орында бөлшектенген мәйіті табылған Р.Ситак атты азаматты өліміне себепкер болуы мүмкін күдіктілерді анықтап, оларды Байқоңырда құрықтады. Олар Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының 22 және 23 жасар тумалары екені анықталды", - делінген мәлімдемеде.

 

ІІБ қызметкерлерінің пікірінше, күдіктілер бұрыннан таныс ер азаматты араздықтан туындаған өзара жанжал барысында өлтіргені анықталып отыр.  Қылмыс жасағаннан кейін олар Алматыдан кетіп, шет елге қашу мақсатымен мемлекеттік шекарадан өтуге талпынды.  

 

"Қазір қалалық қылмыстық полиция мен Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлерінен жасақталған тергеу-оперативтік тобы күдіктілерді Байқоңырдан Алматыға жеткізумен айналысып жатыр.  Сотқа дейін жүргізілетін тергеу жұмыстары жалғастырылады. 14 қыркүйек күні құрықталған күдіктілердің бірінің туыстары қаланың Бостандық ІІБ-на оның із-түссіз жоғалып кеткені бойынша арыз түсіргендігі туралы айта кету керек", - деді баспасөз қызметінде.

 

Естеріңізге саламыз, 7 қыркүйекке қараған түні Алматының орталығында үй-күйі жоқ кезбе ер адам қоқыс контейнерінде бөлшектенген адам мәйітіне тап болған. Көп ұзамай, полиция қызметкерлері қылмыстың Абылай хан даңғылы бойындағы №28 үйдің төртінші қабатында орналасқан, жалға берілген пәтерде болғанын анықтады.

 

Сот медицинасы орталығында адам өлімнің қандай нақты себептен туындағаны тек екі аптадан кейін ғана анықталатыны туралы мәлімдеді. Өлімі алдында ер адам қатты соққыға жығылғаны белгілі.  Болжам бойынша, ол 6 қыркүйек күні пышақтау нәтижесінде жараланудан қаза тапқан.

 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қылмыс жасалған пәтер қысқа мерзімге жалға берілген. Алайда, сол түні олар ешбір шу естімеген. Тұрғындар бұл ауданда жалға тапсырылатын пәтерлердің өте көптігіне наразылық танытып, олардың құқық қорғау органдары назарынан тыс қалып отырғаны жайындағы пікірлерімен бөлісіп отыр.

 

Белгілі болған мәліметтер бойынша, қаза тапқан 24 жасар азамат таяуда белгілі ЖОО бітіріп, жеке бизнесті жүргізіп жүрген. Оның артында екіқабат жұбайы жесір қалып отыр.  

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!