Жезқазған тұрғындары он жасар қызды педофилден құтқарды

Фотография - Жезқазған тұрғындары он жасар қызды педофилден құтқарды

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Ғаламторда жария етілген бейнежазбадағы қылмыскерге қатысты ІІД қызметкерлері пікір айтты.

1357 0

Ғаламторда куәгерлердің айтуынша, жас жігіттің он жасар қызды зорламақ болды деген күдіктінің ұсталған сәті түсірілген бейнежазба пайда болды, - деп хабарлайды Today.kz. Бейнежаздадан екі ер адамның  қызды құтқарып, күдіктіні ұстағанын көреуге болады.

«Ата-аналар!» Маңызды ақпарат! Бүгін, 19.09.16. Оңтүстік саябақта бір бала төртінші сынып оқушысын зорлап тасай жаздады. Ол қызды тұншықтырып жатқан жерінен екі ер адам түсіп, қызды құтқарып қалды. Ол қашпақ болғанмен, ер адамдар оны құқық қорғау органдарына тапсырды. Өтініш – балаларыңызды мектепке дейін, одан кейін де шығарып салып отырыздар!» - делінген бейнежазбаға жазылған қосымша ақпаратта.

Назар аударыңыздар! Бейнежазбада балағат сөздер қолданылады.

 Полицейлер бейнежазбадағы оқиға қыркүйектің 19 күні болғанын растады.

"19 қыркүйек күні 102 номеріне 38 жастағы Жезқазған тұрғынынан он жасар қызды белгісіз біреудің зорламақ болғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнында Оңтүстік Қазақстанда тұратын 23 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 24-121 баптары (зорлауға әрекет жасау) соталды тергеу басталды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!