Алматыда «КамАЗ» көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды

Фотография - Алматыда «КамАЗ» көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды

Фото: today.kz

Зардап шеккендер бар.

483 0

Алматыда «КамАЗ» көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды, -деп хабарлайды Today.kz. Куәгерлердің айтуынша, ЖКО Райымбек көшесі бойында болған. Апатқа ұшыраған екі көлік шығысқа, ал Honda CRV батысқа жол алып бара жатқан.

 "КамАЗ" көлігінің жүргізушісінің айтуынша, Toyota Camry автобусқа арналған жолда келе жатқан, белгісіз себептермен шайқатылып, жүк көлігінің алдынан атып шығады. Салдарынан "КамАЗ-ға" соғылып, жүк көлігі бірден тежеуішті басады. Екеуі де жолдың шетіндегі бөгетті бұзып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сынған бөгеттің қалдықтары Honda CRV көлігіне тиіпті.

Toyota көлігін қыз жүргізіп келе жатқан. Ол және қасындағы ана мен бала зардап шегіп, ауруханаға түсіпті.

Естеріңізге салайық, 17 қыркүйекте Алматының Жетісу ауданында да төрт көлік соқтыығысқан осындай ірі жол көлік оқиғасы болды. Daewoo Nexia, Lada Priora, сонымен қатар MAN көлігі Рысқұлов көшесімен шығысқа бет алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Daewoo жүргізушісі көлікті басқара алмай, Lada көлігін соғады. Соққы салдарынан Lada айналып түсіп MAN көлігіне соғылады. Апат кезінде Daewoo Nexia да Lexus көлігіне соғылады да, оқиға орнынан қашып кетеді. Салдарынан Lada Priora көлігіндегі жолаушы зардап шекті. 


Тегтер:

Алматы апат ЖКО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!