Орал - Атырау трассасы бойында ірі жол апатынан бес адам қаза тапты

Фотография - Орал - Атырау трассасы бойында ірі жол апатынан бес адам қаза тапты

Куәгер түсірген фото

Апат қыркүйектің 25 күні Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданы Ақбұлақ ауылында болған.

658 0

Орал мен Атырау трассасы бойындағы ірі ЖКО салдарынан бес адам қаза тапты,- деп хабарлайды Today.kz. Апат қыркүйектің 25 күні БҚО Ақжайық ауданы Ақбұлақ ауылы жанында болған.

«Орал-Атырау трассасы бойында Mercedes жеңіл көлігі "Газельмен" соқтығады. Нәтижесінде екі көлікте өртегіп кетті – екі жүргізуші мен Mercedesте отырған үш жолаушы да қаза тапты. Оқиға орнына ТЖД, өрт сөндіру қызметі, медицина қызметкерлері, жолдағы құтқару қызметтерінің бригадалары шықты»,- деп растады ҚР ІІД ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

"Менің қалам" ақпараттық порталының хабарлауынша, БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі апаттан тағы бір адам зардап шеккенін айтқан.

«Оқиға орнында екі жүргізуші мен жолаушылар қаза тапты. Mercedes жүргізушісі әйел, ал "Газельді" ер адам жүргізген. Тағы бір адам ауруханаға жеткізіліп, кейін емделудеен бас тартты», - деп денсаулық сақтау басқармасындағылардың аййтқаны жазылған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!