Көлік өртенгенін полиция 18 қыркүйекте білген – өлтірілген үш ағайындының ағасы

Фотография - Көлік өртенгенін полиция 18 қыркүйекте білген – өлтірілген үш ағайындының ағасы

Фото: qamshy.kz

Алматы облысында ағайынды фермерлердің өліміне қатысты күдіктілердің есімдері белгілі болды.

825 0

Алматы облысында ағайынды үш фермерді өлтірген күдіктілердің есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды Today.kz "Время" газетіне сілтеме жасап.  Бұл Жамбыл ауданы Сұраншы батыр ауылының тұрғындары 41 жастағы Мұрат Оңалбаев пен 44 жастағы Талғат Сүлейменов.

«Күдіктілер ұсталды. Олар мас болды. Сарайдан жедел уәкілдер 36 бас малды тапты, ал қалған алтауын ауыл тұрғындарына сатып жіберген. Тергеу кезінде олар жасағандарын мойындады. Ойларына еш арам ой келмеген ұлдарды қалай Жамбыл ауданындағы Қастек ауылына жақын жердегі  Сұлу сайға алдап апарып, көршіден уақытша алған мылтықпен үшеуін бірінен соң бірін атып тастағандарын, кейін оларды сайын даладағы қидың астына көміп тастағандарын айтты», - деп жазады басылым.

БАҚ ақпараты бойынша, полицейлер оқиғаның бүге-шүгесін туыстарына айтпаған. Туыстары құқық қорғау органдары іздеуге тек қыркүйектің жиырма бірі күні ғана кіріскеніне ызалы.

«Ең ауыр тиетіні не екенін білесіз бе? Көліктің жанғаны туралы полицейлер қыркүйектің 18 күні білген. Бір шаруа қожалығының шопаны 102 хабарласып,  жанынан бір көліктің кеткеннен кейін, жүк көлігінің өртеніп жатқанын  айтқан. Алайда, полицейлер ешқандай шара қолданбаған. Тіпті, арыз түспегеннің өзінде  олар көлік неге жанып жатқанын тексеруге міндетті.  Жанып кеткен жүк көлігі далада үш күн тұрған, бірақ онымен ешкімнің шаруасы болған жоқ», - дейді қаза болған ағайындылардың ағасы Адал Зарылхан.

Басылымның тілшілері Жамбыл аудандық ІІБ бастығына хабарласып көрген, алайда тілдесу мүмкін болмаған.

Фермерлер 27 қыркүйек күні жерленеді. Олардың артында сегіз бала қалды.

Естеріңізге салайық, Алматы облысында қыркүйектің 23 күні үш ағайынды жоғалып кетеді. Жарқынбек, Мұқият пен Қалдыбек малды сату үшін Ұзынағаш базарына кетіп, үйге оралмады. Оларды полиция бір апта бойы іздеді. Біраз уақыт өткеннен кейін Астана – Алматы трассасы бойынан олар мал тасыған жүк көлік табылды. Өртенген көліктен полицейлер ешқандай ізге түсе алмады. Кейін көрші ауылдан екінші көлік табылды. Бірақ, қожайындары табылмайды. Соңғы рет олар әкесімен 18 қыркүйек күні байланысқа шығып, малды сатқандарын, бірақ ақшаны әлі алмағандарын айтады.  Ауыл адамдары олардың үш жеңіл көлікпен тау жаққа кетіп бара жатқанын көрген. Оларды табу үшін ІІД барлық күші жұмылдырылған еді. 24 қыркүйек күні олардың өлі денесі табылды. Үшеуінің де денесінде қинап өлтірілгенін айғақтайтын іздер қалған.

Осы іске байланысты ҚР ҚК 99 бабы (адам өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті екі адам ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды. Тергеу Алматы облысы ІІД жетекшісінің бақылауында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!