Есентаеваның күйеуіне қатысты басты сот процесі басталды

Фотография - Есентаеваның күйеуіне қатысты басты сот процесі басталды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынған

Отырысқа Баян Есентаева қатысқан жоқ.

655 0

Қаскеленде орналасқан Қарасай аудандық сотының ғимаратындағы қылмыстық істер бойынша мамандардырылған ауданаралық сотта продюсер Баян Есентаеваны өлтіру әрекетіне қатысты баста сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Today.kz. Сотталушы продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев.

 Отырыс Баян Есентаевасыз басталды. Залда тек зардап шеккен адамның өкілдері ғана бар. Екі жақтың да өкілдері салқын қанды. Бақытбек Есентаевты қорғап жатқан адвокат Бекболат Жексейітов. Бұған дейін белгілі болғандай бұл істі сот алқасы қарайды.

«Сот алқасын іріктеу процесс жүріп жатқан кезде басталады. Куәгерлеер мен олардың қандай тәртіппен сөйлейтіні туралы айта алмаймын, өйткені процесс жабық күйде өтеді», - деді Жексейітов.

Істі сот төрағасы Берікжан Байжүнісов қарап жатыр.

Баян Есентаева маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Оны өлтірмек болды деген күдікпен продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев тұтқындылды. Кейін оның оқиға кезінде мас болғаны анықталды. Тергеушілердің болжамы бойынша, Есентаевтар арасындағы дау қызғаныш негізінде туған. Жұбайлар Бақытбек Есентаевтың жиенімен бірге Алматы сыртында көлікпен келе жатқан. Жол бойында қызғанышқа булыққан күйеуі Баянды ұра бастайды. Жолдағы бензин құю станцияларының бірінде күйеуі көлікті жүргізіп келе жатқан жиенін түсіріп тастап, әйелін одан ары соққы жығып, пышақтап тастайды. Оқиға орнына жеткен олардың қызы (істегі материалдар бойынша) әкесін тоқтатып, анасын Талғардағы ауруханаға жеткізіп үлгереді.

20 маусымда Баян Есентаеваны ауруханадан шығарып, операция жасаған дәрігер оның мұрнына пластикалық операция жасау қажетілігі бар екенін айтқан еді.

25 тамызда шетелде емделген Баян Есентаеваның Қазақстанға оралғаны белгілі болды. Ол өзінің Instagram парақшасында бетін көрсетіп түскен алғашқы суретін жариялады. Бұған дейін продюсер желіге тек арқасын көрсетіп тұрған суреттер ғана салып келді.

Қыркүйектің бірі күні Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның неліктен мұндай қылмысқа қарғанын айтқан еді. Бекболат Жексейітовтың айтуынша, ол әйелін қызғанып, ажырасқысы келмегендіктен осындай қадамға барғанын айтқан. Кейін оның тек Баянды өлтіру әрекеті үшін ғана емес, оны зорлағаны үшін айыпталып жатқаны белгілі болды. Енді ол кемінде он екі жылға бас тостандығынан айрылуы мүмкін. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!