Дәрігерлер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы соғып кеткен жігіттің хәлі жайында айтты

Фотография - Дәрігерлер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы соғып кеткен жігіттің хәлі жайында айтты

Фото: today.kz

"Байтерек" монументі жанындағы жаяу жүргінші жолында Land Rover Discovery 4 көлігі соққысынан жігіт ауыр жарақат алды.

1553 0

Дәрігерлер тамыздың отызы күні "Байтерек" монументі жанындағы жаяу жүргінші жолында Land Rover Discovery 4 көлігінің соққысы салдарынан зардап шеккен 28 жастағы Мейіржан Қасымғалиевтің диагнозы мен оның емделу барысы жайында айтып берді, -деп хабарлайды Today.kz. Көліктің жүргізушісі әйгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы 18 жастағы Айдана Көпбосынова болған еді.

Белгілі болғандай, жас жігіт «Жарақаттану және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РММ-де емделіп жатыр. Порталдың тілшісіне медицина мекемесінің мамандары пациент ауруханаға түскен кезде бас ауыратынын, жүрегі айнып, жанбасы ауыратын айтқан. Жедел жәрдем көлігінде ол бірнеше рет есінен танған.

Тексеру барысында дәрігерлер оның оң жақ аяғын басып тұра алмайтынын, тыныс ала алмайтынын, ауа жетпейтінін, жалпы әлсіздік, бұрын болған жайттарды есте сақтау қабілетінен айрылғанын анықтаған.

Клиникалық және рентген зерттеулері нәтижесінде оған «қосарлас жарақат, жабық бас сүйек-ми зақымы, миы қозғалған,  жанбас сүйектері сынуы нәтижесінде орнынан қозғалған, бет және кеуде жарақаты» диагнозы қойылған.

Жарақат бөлімінің дәрігері Валерий Ивановтың айтуынша, пациент ауыр хәлде түсіп, үш күн жансақтау бөлімінде жатқан.

«Қазір оның жағдайы бір қалыпты, енді иығына оперция жасау мәселесі тұр. Ол қазір өз бетінше тұрады, аяғын басады. Әбден жазылмайынша, ауруханада болады», - деді Иванов.

Дәрігер оның невропатолог, нейрохирург және жанбас сүйегінің сынықтарын емдеп жатқан дәрігерлердің қарауында екенін айтты.

«Оның жарақаттары ауыр. Қашан жазылатынын айту қиын. Оған қалпына келу үшін уақыт керек. Біз ол жұмысқа қабілетті болады деген үміттеміз. Сол үшін жағдай жасаймыз»,-деді дәрігер.

Атап өтейік, жас жігіттің туыстары денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігіне Мейіржан Қасымғалиевті емдеу үшін барлық жағдайды жасауды сұрап арыз жазған.

Медициналық мекеме мамандарының бұл арызға қатысты айтары бар. Олар  Мейіржан Қасымғалиевтің онсыз да барлық тиісті емдеу шараларын қабылдап жатқанын, әрі бұдан әрі де тиісті ем-шаралар қажет болатынын айтты.

Естеріңізге салайық, қыркүйектің оны күні Мейіржан Қасымғалиевтың туыстары тамыздың отызы күні болған ЖКО куәгерлерін іздеп жатқанын айтты. Апат "Байтерек" монументі мен Нұржол бульвары арасындағы «Керуен» сауда-ойын орталығы жағындағы жаяу жүргінші жолында болды. Салдарынан жас жігіт ауыр хәлде ауруханаға түсті. Кейін зардап шеккен жігіттің апасы белгісіз біреулер сол сәтте түсірілген бейнетаспаны сатпақ болғанын айтты. Қыркүйектің 26 күні көліктің жүргізушісі белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Айдана Көпбосынова екені белгілі болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!