Бұл PR емес - "Мария Магдалена" хитын орындаушымен төбелескен тамада

Фотография - Бұл PR емес - "Мария Магдалена" хитын орындаушымен төбелескен тамада

Фото: Youtube/Today.kz

Айбек Қоңырбаев Асхат Тарғыновпен төбелес кезінде түсірілген бейнежазба, қазақстандықтардың ойлағандай, жасанды қойылым емес екенін айтады.

838 0

Асхат Тарғыновпен тойда төбелескен тамада Айбек Қоңырбаев, әлеуметтік желіде пайда болған бейнежазба жасанды түсірілім емес екенін айтады,-деп хабарлайды Today.kz. Той жүргізушісі "Мария Магдалена" хитын орындаусышымен төбелесі жоспарланған PR деген қазақстандықтардың ойын жоққа шығарды.

«Мен қазақстандықтардың бұл пиар болуы мүмкін деп мәлімдейтінін түсінемін, өйткені соңғы кезде шоу-бизнес жұлдыздары осындай жолмен өздеріне назар аударуға тырысатын жайттар көбейіп кетті. Бірақ, сіздер түсініздер, мен тойда төбелес шығарған тамада ретінде соңымнан сөз шыққанын қаламаймын. Менің жұмысым – менің тауып отырған наным, мұндай репутация маған қажет емес»,- деді Қоңырбаев.

Естеріңізге салаайық, қыркүйектің 28 күні әлеуметтік желіде тамада Айбек Қоңырбаев пен әнші Асхат Тарғыновтың тойдағы төбелесі түсірілген бейнежазба тарап кеткен еді. Today.kz тілшісіне берген сұхбатында тамада Алматыда болған бір тойда шыққан жанжалдың себебін түсіндірген болатын. Оның айтуынша, бейнежазбада "Мария Магдалена" хитын орындаушы Асхат Тарғыновпен ол төбелесуді далада жалғастырған. Жауапкершілікті ол әншіге артып отыр, сонымен қатар ол таяуда Алматыға келіп, осы мәселеге нүкте қоятынын айтты. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!