Алматы – Талғар трасса бойында жаяу жүргінші қаза тапты

Фотография - Алматы – Талғар трасса бойында жаяу жүргінші қаза тапты

Фото: today.kz

Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргінші тиісті емес жерден жүгіріп өтпек болған.

595 0

Алматы – талғар жолында ЖКО салдарынан бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Бесағаш ауылындағы "Малика" кафесінің алдында болды,-деп хабарлайды Today.kz оқиға орнынан.

«Жаяу жүргінші белгіленген жерден 15 метр қашықтықтан жолды кесіп өтпек болған кезде Toyota Highlander көлігі қағып кетті. Көлік оны жаяу жүргінші жолына дейін сүйретіп өтті», - дейді ЖКО куәгері.

56 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Алматы облыстық ІІД соталды тергеуді бастады.

Естеріңізге салайық, қыркүйектің 22 күні осындай оқиға Алматыда да болды. BMW көлігінің астында қалған төрт адам қаза тапты. Олар Рысқұлов және Аэродром көшелерінің қиылысы мағындағы жолды белгіленбеген жерден кесіп өткісі келген еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!