Бандиттер билеген базар немесе Ұзынағаштағы фермерлер өлімінен кейінгі үрей

Фотография - Бандиттер билеген базар немесе Ұзынағаштағы фермерлер өлімінен кейінгі үрей

Фото: ktk.kz

Адамдар өмірі үшін қорқады.

1315 0

Алматы облысындағы ағайынды үш фермердің өлімінен кейін базардағы саудагерлер үрейлі. Олар, құрбан болған фермерлер малын саудалаған, осы базарды баяғыда бандиттер билеп алғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды КТК.

Саудагерлер сөзіне қарағанда, бандиттер фермерлерге шабуыл жасап, оларды тонап, малдарын айдап кетеді екен. Адамдар бірнеше рет полицияға арыз жазғанмен, еш нәтиже болмаған.

Жергілікті тұрғындар Қазақстан ауылының үш азаматын ұрлап кетіп, өлтірген де сол бандиттер болуы мүмкін екенін айтады.

Мал сатумен айналысатын Есболат Мағазды екі ай бұрын тонап кеткен. Ол төрт миллион ақшасынан айырылып қалыпты. Қылмыскерлер сол күйінде табылмаған.

«Осы жағдайдан кейін бәрі қорқып жүр. Осыған дейін тек ақша ұрлаумен айналысқандар, енді адам өлтіруге дейін барды. Бұл базарда сауда жасау қазір қорқынышты. Осы жердегі шексіз былық жайында бәрі біледі»,-дейді ер адам.

Жергілікті тұрғын Кәрімхан Нәби соңғы күндері ауыл адамдары үрейлі жүргенін айтты. «Мына базарда тәртіпті баяғыда орнату керек еді! Келіп-кетіп жатқан көліктерді тіркеу керек. Камералар бар деп айтады, ал үш ағайындының  базардан шыққан сәтін, неге екені белгісіз, сол күні түсірмей қалған. Мен олардың жұмыс істеп тұрғанына күмәнім бар. Қылмыскерлерді ұстамайынша, біз сауда жасауға қорқамыз», - деп бөлісті ол.  Нәби тепсе темір үзетін үш еркекті екі адам ғана өлтірді дегенге сенбейді.

Саудагерлер Ұзынағаш базарында тоналмаған саудагер қалмағанын айтады. Адамдар құқық қорғау органдарының көмегіне әбден сенбейтін болған.

«Өткен күзде менің көлігімнен 840 мың теңгені ұрлап кетті. Көліктің терезесін сындырып, алып шыққан. Мен полицияға хабарласқан да жоқпын. Өйткені, адамдар одан нәтиже болмайтынын айтты», - дейді Әділ Қызырұлы.

Ауыл тұрғындары тығырықтан шығытын жалғыз жол – бейнекамералар орнату екеніне сенімді. Сонда ғана қылмыскерлердің ізіне түсуге болатынын айтады.

Естеріңізге салайық, Алматы облысында қыркүйектің 23 күні үш ағайынды жоғалып кетеді. Жарқынбек, Мұқият пен Қалдыбек малды сату үшін Ұзынағаш базарына кетіп, үйге оралмады. Оларды полиция бір апта бойы іздеді. Біраз уақыт өткеннен кейін Астана – Алматы трассасы бойынан олар мал тасыған жүк көлік табылды. Өртенген көліктен полицейлер ешқандай ізге түсе алмады. Кейін көрші ауылдан екінші көлік табылды. Бірақ, қожайындары табылмайды. Соңғы рет олар әкесімен 18 қыркүйек күні байланысқа шығып, малды сатқандарын, бірақ ақшаны әлі алмағандарын айтады.  Ауыл адамдары олардың үш жеңіл көлікпен тау жаққа кетіп бара жатқанын көрген. Оларды табу үшін ІІД барлық күші жұмылдырылған еді. 24 қыркүйек күні олардың өлі денесі табылды. Үшеуінің де денесінде қинап өлтірілгенін айғақтайтын іздер қалған.

Осы іске байланысты ҚР ҚК 99 бабы (адам өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті екі адам ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды. Тергеу Алматы облысы ІІД жетекшісінің бақылауында.  Фермерлерді өлтірді деген күдіктілер Сұраншы батыр ауылының 41 жастағы Мұрат Оңалбаев мен 44 жастағы Талғат Сүлейменов уақытша тергеу изоляторына екі айға тоғытылды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!