Сейітқазы және Әсет Матаевтардың үстінен сот шешімі шықты

Фотография - Сейітқазы және Әсет Матаевтардың үстінен сот шешімі шықты

Фото: ©Арман Мұқатов

Сот Ұлттық баспасөз клубының президентін кінәлі деп таныды.

425 0

Астанадағы №2 Есіл аудандық сотында айлакерлік және салық төлеуден жалтарды деп айтыпталған Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, «ҚазТАГ» агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың үстінен сот шешімі шықты,-деп хабарлайды Today.kz.

«Сейітқазы Матаевты ҚР ҚК 245 бабының үшінші бөлігінде «Аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару», ҚР ҚК 177 бабының 4 бөлігіндегі «б» пункті «аса ірі көлемдегі айлакерлік»  бойынша қарастырылған заңсыздыққа жол бергені үшін айыпты деп саналсын. Сейітқазы Матаевқа заңсыз жолмен табылған дүние-мүлкін кәмпескелеу, өмір бойы мемлекеттік және коммерциялық мекемелерде материалдық жауапты қызметтерді атқару мүмкіндігінен айыру, жалпы режимдегі колонияда өтеу арқылы алты жыл көлемінде бостандықтан айыру жазасы тағайындалсын»,- деп Ақболат Құрмантаев үкімін оқыды.

Ал, «ҚазТАГ» агенттігінің бас директоры Әсет Матаевты бес жылға бас бостандығынан айырды.

Сот залынан оларды тұтқындап әкетпес бұрын Сейітқазы Матаев өзін кәнілі деп санамайтынын айтты.

"Біз алған бетімізден тайынбаймыз. Соңына дейін барамыз. Әсеттің ерліігі үшін көп рахмет!»-деді Ұлттық баспасөз клубының президенті.

Естеріңізге салайық, 22 ақпанда Алматының жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевтың жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қатысы бар деген ақпарат таратты. Сол күні ол тұтқындалып,  24 ақпан күні үйқамаққа алынды.

Сейітқазы Матаевқа ҚР ҚК 190 бабы, яғни «аса ірі көлемдегі алаяқтық» және 245 бабы, яғни «салық төлеуден жалтару», Әсет Матаевқа ҚР ҚК 190 бабы «аса ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша айып тағылып отыр.

ҚР ҚК 65 бабына сәйкес жасаған ісіне өкінгені және тергеуге көмек бергені үшін Байланыс комитеті мен «Қазақтелеком» мамандары қылмыстық жазадан босатылды.

Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевты тұтқындау әрекеті қоғамда үлкен дау тудырды. Оларды журналистер қауымы мен интелегенция өкілдері жақтап отыр. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!