Павлодар облысының студенттері жаппай төбелес ұйымдастырды

Фотография - Павлодар облысының студенттері жаппай төбелес ұйымдастырды

Көрнекі сурет

Жергілік билік төбелестің себебін анықтады.

790 0

Красноармейка ауылында үш колледждің 27 студенті жаппай төбелес ұйысдастырды, - деп хабарлайды Тoday.kz, Павлодар облысы ІІД баспасөз қызмеетіне сілтеме жасап.

«Төбелеске қатысқан Красноармейка ауылындағы аргарлық колледж студенттері мен Павлодар оқу орындарының студенттері: көлік және коммуникация колледжі мен  технологиялық колледж оқушылары. Төбелестен кейін төрт балаға медициналық көмек қажет болған. Бұл факт біріңғай соталды тергеу реестрінде ҚР ҚК 293 бабы (бұзақылық) бойынша тіркелген. Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталды», - дейді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова.

Оқиға аргарлық колледж ғимаратының артында болған. Қатысқандардың жасы 18-20 аралығында. Төбелес жайында ауыл азаматтары хабарлаған.

Павлодар ауданының әкімі Александр Бабенконың айтуынша, төбелеске себеп болған әлімжеттік пен ақша.

«Красноармейка ауылындағы аргарлық колледждің жоғарғы курс студенттері төменгі курс студенттері стипендия алған кезде ақша талап еткен. Бұл барып тұрған әлімжеттік. Төменгі курс студенттері «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстік аймақтан келіп оқып жатқандар. Сөзге келіспей қалғаннан кейін, төменгі курс студенттері өзге колледждегі өздерінің жақтастарын шақырған. Сөйтіп, бірнеше колледж студенттері жиналады. Ұлттық мәселе бұл жерде жоқ. Тағы қайталап айтамын: бұл кәдімгі әлімжеттік», - деп баса айтты Павлодар ауылының әкімі Александр Бабенко.

Әкімнің айтуына қарағанда, оқиға орнына полицейлер, ҰҚК мамандары, прокурорлар, білім саласының мамандары келген. Қақтығыс тоқтатылды. Суық қару қолданып, дене жарақатын алды деген ақпарат расталған жоқ. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!