Қарағандылық мұғалімнің жалған терроризм үшін сотталуы заңды - сот

Фотография - Қарағандылық мұғалімнің жалған терроризм үшін сотталуы заңды - сот

Фото: today.kz

Жалған терроризм үшін сотталған қарағандылық мұғалім Юрий Пактің үстінен шыққан үкім туралы сот пікірін айтты.

409 0

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі физика пәні мұғалімі үстінен шыққан сот үкімі туралы мәлімдеме жасады. Баспасөз қызметінің Today.kz  редакциясына хабарлағанындай,  кінәлі деп танитын сот үкімі дәйекті дерек болып саналатын сараптама қорытындысына сүйену арқылы жасалған.

«Сот үкімін шығару қоғамдық дау тудырды. Дегенмен, дәйектер оның дұрыс сотталғанын көрсетеді. 112 номеріне Samsung GalaxyS4mini маркалы және 8 707-735-60-22 номерлі мобилді телефоннан жасалғаны айқын әрі бұлтартпас дәйек екенін ескерген жөн», – деді соттағылар. Сонымен қатар, аталған номер сотталған азаматқа тиесілі екенін айтты.

« «112» арнайы номеріне хабарласқаннан кейін, бұл байланыс ТЖ департаментіне қарасты 87212-43-22-25 номеріне бағытталады, одан соң ол 102 номеріне қосылады. Қорғаушы 112 номерінен алты сандық номерге байланысты қосу мүмкін емес екенін айтқан болатын. Алайда, ТЖ департаментінің кезекші операторы Сергей Мазур куәгер ретінде келіп, мұндай байланыс орнату мүмкін екенін айтты», – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Соттағылар Юрий Пактың екінші рет фоноскоптық сараптама жасау үшін дауысының үлгісін беруден бас тартуын да кінәлі екенін дәлелдейтін жанама дәйек деп санаған. Ал, негізгі дәйек ретінде сот бірнеше сараптама нәтижесін қабылдап отыр.

«Фонографиялық сараптама нәтижесі бойынша, «Полиция, девятнадцать, здравствуйте, алло» деп басталатын дауыс пен телефон шалған адамның дауысы Юрий Пакқа тиесілі. Қосымша сарапшылардың комиссиялық қорытындысы бойынша да дауыс пен қоңырау шалған адамның дауысы Юрий Пактікі», - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Соттағылар сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша Пак психикалық дертке шалдықпағанын атап айтты.

«Оны айыптау барысында Пактің уақытша психикасы бұзылғандының белгілері байқалған жоқ. Ол өз әрекетінің қоғамдық қауіптілігін  түсінетін жағжайда болды», – дейді баспасөз қызметіндегілер.

Мұғалімге неге шартты жаза қолданылмауының себебін, соттағылар заңның мүмкіндік бермейтінімен түсіндірді. Олардың айтуынша, қылмыстық кодекстің 273 бабында мұндай жаза қарастырылмаған. Елде телефон террористері азаймай отырғандықтан, тек бостандықтан айыру жазасы ғана қолданылады.

Сот үкіміне қатысты облыстық прокуратура қызметкерлері де өз пікірлерін айтты.

«Сот айыптаушы мен өорғаушы тарапынан айтылған дәйектердің барлығын жіті тексерді. Соның нәтижесінде сот оны кінәлі деп таныды. Соталды тергеу кезінде Қарағанды мен Алматыда фоноскоптық үш сараптама мен біір компьютерлік технологиялық сараптама жасалды. Оның үшеуінің нәтижесі дауыстығ Юрий Пактікі екенін көрсетті. Сот отырысы кезінде Пактің маңызды дәлелдерін тексеру мақсатында сот тағы да екі – бейнефонографиялық және компьютерлік-технологиялар құрылғыларына сараптама тағайындады. Екеуінің де нәтижесі дауыстың Юрий Пакке тиесілі екені көрсетті», – деп хабарлады облыстық прокуратурадағылар.

Қадағалау органы берген мәлімет бойынша, соттың физика мұғалімінің дауысын жазып алу барысында заңбұзушылық болғаны анықталмағанын айттыы.

Дегенмен, Today.kz тілшісіне сотталған мұғалімнің әйелі Ольга Пак қарағанды облыстық сотына аппеляциялық арыз жазылып жатқаны туралы айтты.

Естеріңізге салайық, Қарағандыда физика пәні мұғаліміне өзінің мобильді телефоны арқылы «ЦУМ-ға» мина қойылды деп жалған ақпарат департаментіне қоңырау шалғаны үшін айыпталып, қыркүйектің үші күні екі жылға бас бостандығынан айрылды. Алайда, сотталған Юрий Пак кінәсін мойындаған жоқ. Оның айтуынша, оқиға болған кезде ұялы телефон сөмкесінде болған, ал өзі өзге мұғалімдермен басқа кабинетте парта тасып жүрген. Айта өтейік, белгісіз біреудің қоңырау шалғаны автоматты бағдарлама арқылы жазылып алынған және негізгі дәйек болып есептеледі.  Сонымен қатар, тергеу фоноскопты сараптама нәтижесіне сүйеніп отыр.

Юрий Пактың жұбайы істе оның кінәлі еместігі жөніндегі тікелей дәйектер ескерілмей отырғанын айтады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!