Қарағанды облысында сальмонеллезден 16 мың тауық қырылып қалды

Фотография - Қарағанды облысында сальмонеллезден 16 мың тауық қырылып қалды

көрнекі сурет

Ветеринарлар тауықтың жаппай қырылу себебін анықтады.

321 0

Абай ауданындағы «Орталық құс» ЖШС құс фабрикасында 16 283 тауықтың қырылғаны тіркелді. Today.kz редакциясына Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, тауықтар жаңадан әкелген жемді бергеннен кейін, уланып, қырылып қалған.

«Тауықтардың қырылғаны туралы ақпарат алғаннан кейін Абай ауданы мамандары олардан қан мен патологиялық материал алып, Ұлттық референттік орталыққа тапсырды», - деді олар. Зертхана сараптамасының нәтижесі бойынша, олардан сальмонеллез қоздырғышы анықталған. Қазір Абай ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы әкімге осы мекеме аумағында шектеу қою туралы ескерту қағазын жіберді.

Өлген тауықтан санитарлық талаптарға сай жойылды, яғни өртелді. Фабрика аумағында дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өнімді тысқа шығаруға тыйым салынды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!