6 жасар Виканы зорлаған күдіктінің қорғаушысы мәлімдеме жасады.

Фотография - 6 жасар Виканы зорлаған күдіктінің қорғаушысы мәлімдеме жасады.

Фото: tumba.kz

Ақтауда зорланған сәбидің ісіне қатысты куәгер пайда болды.

476 0

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдіктінің қорғаушысы Намиг Велиев қылмыстың бүге-шүгесін айтып берді, - хабарлайды Today.kz Tumba.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаушының сөзіне жүгінсек, тергеу кезінде күдікті көлікпен жүрген бағытын анық көрсете алмаған. Белгілі болғандай, күдікті такси ретінде адам тасымалымен айналысқан. Ол өзінің клиентін жетінші ықшам ауданынан алып, № 29 үйге әкелген. Клиент ақшасын төлеп шыққаннан кейін № 28 үйге қарай бет алады. Одан соң күдікті темекі шегуге шығады да, әйеліне телефон шалып, теңіз жағасынан бір клиент алатынын айтады. Одан әрі ол аудио және бейне жазбада көрсетілгендей өзінің жүрген жерлерін айтып береді. Сонымен қатар, қорғаушы осы іске қатысты куәгер пайда болғанын айтты.

«Ол бірінші ықшам ауданнан шыға берген кезде, бір әйел баласымен келеді, ол күдіктінің көлігі өтіп кетуі үшін күтіп тұарады. Осы уақытта ол күдіктіге бірнеше секунд бойы тесіліп қарайды. Алайда, ол көліктің артына бұрылып біраз отырған. Одан  не істеп жатқандығы туралы сұрағанда, ол таксистерде клиент шыққаннан кейін көлікті тексеретін әдет қалыптасқанын айтқан»,- дейді қорғаушы.

Сонымен қатар, тергеу кезінде оның сәбиді мысықты сипатпақ кейіп танытып, алдап көлікке отырғызып алғаны белгілі болды. Кейін оқиға болған жерге апарған.

«Оның тоқтаған жалғыз жері «Шағала» санаторийі. Маңында ешкім болмаған. Ол келіп тоқтайды, жанында жасырын камера қосулы тұрады. 29 минут. Ол көліктен сол бойы шыққан жоқ.  Көліктің соңғы жағы көрінеді, ал алды жабылып тұр. Ол тоқтаған жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Не көлік, не адам өтпейді. Камерада оның келіп ағаштың астына тоқтағаны, сол жерде 29 минут бойы отырғаны көрініп тұр», - дейді Намиг Велиев.

Бұдан бөлек қорғаушы сәбиді қатты жарақаттағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Халық арасындағы сәбиді қатты жарақаттады, дене мүшелері сынған деген ақпарат шындыққа сай емес. Ол жерде ондай ештеңе жоқ. Сәби күннің астында жатып қалғандықтан, көп зардап шеккен»,-деді ол.

Адвокаттың сөзі бойынша, оны көлікті қарауға, тексеріп болғаннан кейін ғана шақырған. Күдікті болған кезде ол көліктен ештеңе табылмаған. Ал оның отырғыштары сараптама жіберілді.

«Кейін көліктен сәбидің шашы табылған. Мен олардан шаш табылған сәт түсірілген жазбаны сұрадым. Күдікті ол болған кезде шаш табылмағанын айтады. Тапқан күннің өзінде, күдікті кеткеннен кейін болған жағдай. Олар маған жазбаны көрсеткен жоқ, сондықтан, күмән тудырады. Біздің заң бойынша барлық күмәнді нәрсе күдіктінің пайдасына шешіледі. Мен оны жасаған күнәсінен ақтаудан аулақпын. Оқиғаның бүге-шүггесін анықтау – менің кәсіби борышым. Біздің қоғамда жазықсыз сотталған жайлар аз емес», - деді Намиг Велиев.

Қазір күдікті тергеліп жатыр. Алайда, оның қатты кекештенуі тергеуге бөгет келтіріп тұрса керек.

«Осыған байланысты 2011 жылға дейін ол тіркеуде тұрған. Оның анасымен еріп келген ағасы шизофрения диагнозы бойынша тіркеуде тұрған, анасын да, балаларды да ұрған екен. Осындай бір соққы кезінде ол кекештеніп қалған екен. Барлық әріптерді айта алмайды, тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Сондықтан, тек осындай жауап алатын сұрақтар дайындап тергеудің әдісін өзгерттік», - деді адвокат.

Викторияны Ақтауда 20 тамызда ұрлап әкетіп, зорлап тастаған болатын. Сәбиді қансырап жатқан жерінен полицейлер тауып алды. Оны бірден балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызған еді. 27 тамыз күні ол Астанадағы Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығындағы анестезиология және жансақтау бөліміне ауыстырылды. 6 қыркүйек күні полицейлер оны зорлаған күдікті қолға түскенін хабарлады. Сот-геномдық сараптама оның қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. 15 қыркүйек күні Викторияны қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы өтті. Шара Виктория емделіп жатқан Ұлттық ғылыми орталықта болды.

Таяуда Виканың хәлі күрт төмендеп, өлім аузында жатқаны туралы белгілі болды. Оның болашағына қатысты дәрігерлер болжамы өте қиын.

Сонымен қатар, қазанның жетісі күні күдіктінің ақыл есі дұрыс деп мойындалды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!