ШҚО-да бір тәулікте тоғыз жерден өрт шықты

Фотография - ШҚО-да бір тәулікте тоғыз жерден өрт шықты

Көрнекі сурет

Ешкім зардап шеккен жоқ.

447 0

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында бірден тоғыз жерден өрт шықты. Барлық жағдайда ешкім зардап шеккен жоқ,-деп хабарлайды Today.kz аймақтың ТЖД сілтеме жасап.

Бесқарағай ауданындағы Канонер ауылдық округіндегі бір шаруа қожалығында ауданы 40 шаршы метр болатын нысан мен жиналған шөп өртенген. Нәтижесінже 350 тонна шөп жанып кетті.

Семейдегі Восход ауылында жекеменшік үй, ал Шемонаихдағы көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы бір пәтер өртенген. Екі жағдайда да қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Семейде екі қабатты тұрғын үйдің 25 шаршы метрі өртеніп кеткен. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін жеке құрамның 15 адамы мен төрт техника жұмылдырылған.

Бұдан бөлек Зыряновск пен Тарбағатай аудандарында да  жекеменшік үйлер өртенген. 


Тегтер:

өрт ШҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!