Ақтауда зорланған 6 жасар Вика жайлы британдық басылымдар жазды

Фотография - Ақтауда зорланған 6 жасар Вика жайлы британдық басылымдар жазды

Фото: today.kz

БАҚ берген ақпаратқа сай, қазақстандық дәрігерлер шетелдік әріптестерінің көмегіне зәру.

627 0


Бірден ірі үш басылым - The Sun, Metro, Mirror – Ақтауда зорланған алты жасар қыз туралы ақпаратты жария етті. БАҚ берген ақпарат бойынша, қазақстандық дәрігерлер шетелдік әріптестерінің көмегіне зәру, - деп хабарлайды Today.kz.

«Жергілікті дәрігерлер өздерінің  шарасыз екенін мойындады. Олар енді шетелдік дәрігерлерден көмек сұрап отыр. Алты жасар қыз өте ауыр хәлде жатыр. Айта кетейік, сәбиге Үндістанның дәрігерлері көмектескелі жатыр. Мәселе әлі шешілу үстінде»,-делінген Mirror сайтында.

Естеріңізге салайық, Викторияны Ақтауда 20 тамызда ұрлап әкетіп, зорлап тастаған болатын. Сәбиді қансырап жатқан жерінен полицейлер тауып алды. Оны бірден балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызған еді. 27 тамыз күні ол Астанадағы Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығындағы анестезиология және жансақтау бөліміне ауыстырылды. Таяуда Виканың хәлі күрт төмендеп, өлім аузында жатқаны туралы белгілі болды. Оның болашағына қатысты дәрігерлер жасаған болжам өте ауыр.

Айта кетейік, 6 қыркүйек күні полицейлер оны зорлаған күдікті қолға түскенін хабарлады. Сот-геномдық сараптама оның қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Ал, қазанның жетісі күні күдіктінің ақыл есі дұрыс деп мойындалды.

15 қыркүйек күні Викторияны қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы өтті. Шара Виктория емделіп жатқан Ұлттық ғылыми орталықта болды.

ҚР ҚК 120 бабы (зорлау) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!