Із-түссіз жоғалған қарағандылық бойжеткеннің асылып тұрған денесі табылды

Фотография - Із-түссіз жоғалған қарағандылық бойжеткеннің асылып тұрған денесі табылды

Фото: today.kz

Оның денесі Қарағандыдағы гараждар орналасқан аумақтан табылды.

536 0

Қазанның тоғызы күні гараж аумағына барған Қарағанды тұрғыны керіліп тұрған ағашқа асулы тұрған қыздың денесін тапты. Оған қыркүйектің 25-нен бастап іздеу жарияланған,-деп хабарлайды Құндыз Бекееваның досы Today.kz тілшісіне.

«Ол Майқұдықтағы үйінен қыркүйектің 27 күні шығып, жоғалып кеткен.  Сол күні күн салқын болды. Ол үстіне ақ куртка, джинсы мен кроссовка киген. Өзімен тек сумкасын алды. Содан кейін үйге келмеді. Оны атасы үйінде күтіп, келмеген соң, полицияға хабар береді. Ал, кеше бір қайғылы жағдай туралы хабар алдық», - дейді, есімін жария қылмауды сұраған, Құндыздың досы.  

Оның хабарлауынша, Құндыз Бекееваның туғандары денесін алып кетуге келеді.

Естеріңізде болса, Құндыз Бекееваның жоғалғаны туралы ақпарат барлық афишалар мен столбтарда екі апта бойы ілулі тұрған еді.

«Бұның суицид екендігі туралы Октябрь аудандық полицейлері анық айта алмай отыр»,-дейді ер адам.

ІІД берген ақпаратқа сай, осы іс бойынша соталды тергеу басталған. «Біріңғай соталды тергеу реестрінде ҚК 105 бабы (өзін өзі өлтіруге жеткізу) бойынша тіркелген. Тергеу басталды, бірнеше сараптама жүргізіледі», - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!