Петропавлда қатты соққыға жығылған 23 жастағы баскетболшы қайтыс болды

Фотография - Петропавлда қатты соққыға жығылған 23 жастағы баскетболшы қайтыс болды

Фото жеке мұрағаттан

Оның өлімі туралы оның достары хабарлады.

314 0


Петропавлда 23 жастағы Игорь Нанаев қайтыс болды. Баскетболшы түнгі клубтардың бірінде қатты соққыға жығылған еді,- деп хабарлайды Today.kz.

Оның өлімі туралы оның достары "ВКонтакте" әлеуметтік желісі арқылы хабарлады. «Игорь енді жоқ. 17:35-те жүрегі тоқтады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, қазанның үші күні төбелес болады. Куәгерлердің айтуынша, жігітті қатты соққыға жыққан. Басын асфальтқа соғып, аяқпен тепкілеу арқалы ерні мен қасын жұлып алуға тырысқан. Миына зақым келгені соншалық, жігіт комаға түсіп кетті. Оның жүріп жүрген дос қызы Дарья Тарановскаяның айтуынша, Игорьді полиция бекетінің маңында ұрған.  «Оның астынғы ерні жарылған, тістері жоқ. Жағы сынған, барлық мүшелері зақымданған. Миы қатты жарақат алған»,-деді ол.

Дәрігерлер оның миы бірден өліп қалғанын, қазір ешқандай тітіркендіру реакциясына жауап бермейтінін айтқан еді. Осы іс бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті тергеу изиляторында отыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!