Әлеуметтік желіде Ақтаудағы дүкенді тонау сәті түскен бейнежазба пайда болды

Фотография - Әлеуметтік желіде Ақтаудағы дүкенді тонау сәті түскен бейнежазба пайда болды

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Оқиға қазанның 7 күні сағат 00:25 болған.

861 0

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы дүкенді тонау сәті түсірілген бейнежазба пайда болды, - деп хабарлайды Today.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Камерада беттерін жауып алған үш еркек дүкенге кіріп, біреуі сатушыға пистолетке ұқсайтын зат көздеп қорқытады. Ал, біреуі сөреден секіріп өтіп, ақша салынған қорабты алып кетеді. Содан кейін, қару кезеген ер адам сатушы қолындағы ақшаны тартып алған.  

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, дүкенге жиырма мың теңге көлемінде шығын келген. Оқиға қазанның жетісі күні түнде болған. Бірден ізіне түскен полицейлер 20-25 жас аралығындағы үш баланы ұстап, тергеу изоляторына қамаған.  Соталды тергеу жүріп жатыр. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!