Қостанай облысында автобус аялдамаға соғылды

Фотография - Қостанай облысында автобус аялдамаға соғылды

Фото: ©Александр Цацко

Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

477 0

Қостанай облысындағы Затобольск ауылында ТЖ болды. Жолаушы тасымалдайтын автобус аялдамаға соғылды,-деп хабарлайды  Today.kz "Алау" порталына сілтеме жасап.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, №102 бағыттағы автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, аялдамаға соғылған. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Қазанның тоғызы күні таңертен 38 жастағы жүргізуші МАН автобусын жүргізіп келе жатып, аялдама жанына келгенде қауіпсіздік сақтамай, оған соғылған. Ер адамның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл төлейді. Сонымен қатар, жүргізуші шығынды толық өтейтін болады», - деп қорытындылады баспасөз қызметіндегілер. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!