Ерасыл Әубәкіровтың әкесі: Мені үкім қанағаттандырды

Фотография - Ерасыл Әубәкіровтың әкесі: Мені үкім қанағаттандырды

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Сот үкімі шыққаннан кейін Ерасыл Әубакіровтың әкесі пікірімен бөлісті.

408 0

Сот үкімі шыққаннан кейін Ерасыл Әубәкіріовтың әкесі Өмірбек Әубәкіров  өзінің сот үкіміне қанағаттанғаны туралы айтты, -деп хабарлайды Today.kz сот залынан.

«Мен сот шешіміне қанағаттандым»,- деп журналистерге құрғақ жауап қатты Өмірбек Әубәкіров.

Естеріңізге салайық, қазанның он екісі күні Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Нұрбек Әжімбайдың мүлігі кәмпескеленіп, өзі 20 жыл жазасын өтейтін болды. Виталий Шерстенев 11 жылға, Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айрылды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров ақпанның 3 күні Астанада жоғалып кеткен еді. Оны бір апта бойы полицейлер мен еріктілер іздеді. Ақпанның 10 күніне қараған түнде оның мүрдесі табылды. Кейін оны қинап жатқаны түсірілген бейнетаспа ғаламтор арқылы тарап кетті. 12 ақпан күні ҚР ІІМ сараптама нәтижесі оны қинап өлтіргенін анықтады. Ақпараттың тысқа шығып кетуіне байланысты соталды тергеу екі рет жүргізілді.

Студенттің өліміне қатысты төрт адам тұтқындалды. Оның бірі Өскемендегі ірі кәсіпкердің ұлы Аян Мейірбаев болатын. Алайда, оның әрекеттерінен ешқандай қылмыстық іс табылмағандықтан, ол босатылды.

Айта өтейік, студенттің өліміне қатысты тергеу жарты жыл жүргізіліп, іс бойынша жиналған материал 10 томды құрады. Күдіктілерге ҚР ҚК " қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік ету", "Заңсыз бас бостандықтан айыру", «адамды қинап өлтіру», «кісі өлтіру», «аса ірі көлемде заңсыз қаражат талап ету» баптары бойынша айып тағылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!