Түркістандағы аты шулы психдиспансерге жаңа директор іздеп жатыр

Фотография - Түркістандағы аты шулы психдиспансерге жаңа директор іздеп жатыр

Фото: nur.kz

ҚР вице-премьері Иманғали Тасмағамбетов тексеруге жіберген комиссия мекеме жұмысынан қаншама кемшіліктер анықтады.

848 0

ҚР вице-премьері Иманғали Тасмағамбетовтың тапсырмасымен Түркістандағы  №4 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын тексерген комиссия мекеме директорын қарашаның төртіне дейін қызметінен босатады. Бұл туралы Today.kz редакциясының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жолдаған ресми сауалына берілген жауапта жазылған.

Комиссия қыркүйектің отызы мен қазанның бірі күні аталған мекемеге барды. Оның құрамына министрлік департаменттері мен комитеттерінің басшылары кірген. Ал, оны ҚР ДСӘДМ әлеуметтік қызмет департаменті басышысы Ажам Төреғалиева басқарған еді. Комиссия таяуда жарияланған фотолардағы пациенттер шынымен осы мекеменің емделушілері екенін растады. Сонымен қатар, мекеменің жұмысына қатысты қаншама заңбұзушылықтар тіркелген.

«Сырқаттардың әрбіріне бөлек қызмет көрсету жоспарының тек аты ғана. Олардың жеке қажеттіліктері ешқайда тіркелмеген. Мамандар сырқаттармен жеке жұмыс істеуді білмейді», - дейді ҚР ДСӘД министрлігіндегілер.

Ол аздай, әлеуметтік-тұрмыстық қызметке қатысты да кемшіліктер анықталған. Оларға гигиеналық қызмет көрсету стандартқа сай емес. Барлық бөлмелерде дәретханаға ешкімнің көмегінсіз бару үшін орнатылатын тұтқалар жоқ. Санитарлық орындар мен асхана да талапқа сай емес. Паллиативті бөлімдегі  санитарлық бөлмелерде қажетті құрылғылар жоқ, әрі санитарлық талапқа жауап бермейді», - делінген хабарламада.

Сырқаттардың жатын бөлмелері де бекітілген нормаға сай емес.

«112 жатын бөлме, әрбірінде үштен-сегізге дейін адам жатады. Әр адамға 3,4 шаршы метрден келеді. Күйзеліс кезінде берілетін палаталар жоқ», - деп жазған жауапта.

Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуге лицензия алған мекеменің штаты да нормативке сай емес. Қазір мұнда емдеу жұмыстары бойынша дәрігердің орны бос. Ал, психиатр дәрігердің біреуі мұнда қосымша жұмыс ретінде істейтіні анықталды. Сонымен қатар, терапевт, гинеколог, стоматолог, УДЗ дәрігері қосымша жұмыс істейді.

Дәрімен қамтамасыз ету де талапқа сай емес. Бұларда фармацевтикалық қызмет пен психотропты дәрілер айналымына мемлкеттік лицензия жоқ болып шыққан. Сонымен қатар, мұндағы құжаттардың барлығы министрліктің бұйрығына сай емес екені де анықталды. Ол аздай мекеме санитарлық-эпидемиология ережелерін сақтамайды.

«Бірқатар кабинеттерде залалсыздандыратын заттар жоқ – ванна, дәретхана бөлмелерінде қашан жиналғандығы туралы кесте ілінбеген. Сегізінші бөлімде қаптаған шыбын, ал тоңазытқыштарда температуралық режиим сақталмаған», - дейді ведостводағылар.

Мекеменің емдеу-диагностикалық процесі бекітілген нормаға сай болмай шықты.

«Бөлімдерді жіктеп бөлу мәселесі жүйелі жолға қойылмаған. Психикалық жағдайына қарай сырқаттарды бөлімнен бөлімге ауыстыру жүйесі жоқ. Оларды жазылу деңгейіне қарай топтастыру қолға алынбаған. Салдарынан сырқаттардың тұрақты жазылып кетпейді»,-делігнен хабарламада.

Осы тексеру нәтижесі бойынша премьер-министрдің орынбасары министрлікке қарашаның төртіне дейін көрсетілген кемшіліктерді жою үшін  уақыт берді.

«Түркістандағы №4 әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету орталығының директорын ауыстыру мәселесін шешу, сырқаттардың өлімін зерттеуге қатысты комиссия құру. Осы салаға қатысты ғылым және білім ұйымдарының мамандардың қатысуымен мекеме дәрігерлерлерінің кәсіби біліктілігін тексеру, мекеменің барлық дәрігерлердің «Психиатрия» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру, мекеменің кадрлық мәселесін толық шешу", - деп берілген тапсырманың тізімін атаған ведостводағылар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!