Алматыда болған теракт бойынша соттың алдын ала тыңдауы басталды

Фотография - Алматыда болған теракт бойынша соттың алдын ала тыңдауы басталды

Фото: today.kz

Айыпталушы алты адам

406 0

ҚР ІІМ ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесінде Алматыда болған теракт бойынша соттың алдын ала тыңдауы басталды,-деп хабарлайды Today.kz. Айыпталушы Руслан Күлекбаев құқыққорғау және арнайы органдардың сегіз қызметкері мен бейбіт үш адамның өліміне себеп болған теракт жасағаны және тағы үш адамды өлтіруге әрекеттенгені үшін айыпты.

Естеріңізге салайық, Руслан Күлекбаевтің өзіне ғана ҚР ҚК 255 бабы "террористік акт", 99 бабының 2 пункті "Екі және олан да көп адамды өлтіру", 24 бабы "Қылмыс жасауға дайындық"; 99 бабының 2 пункті "Өлтіруге әрекеттену"; 192 бабының 4 пункті "Топ болып бұзақылық шабуыл жасау", 287 бабының 4 пункті "Заңсыз қару айналымы", 288 бабының 2 пункті "Заңсыз қару дайындау", 291 бабының 4 пункті "Қару ұрлау", 200 бабының 4 пункті "Көлік ұрлау", 126 бабының 2 пункті  "Заңсыз бостандықтан айыру" бойыынша айып тағылды.

Сонымен қатар, Р. Лю Ж. Сапарбеков Е. Құсайынов, Д. Асембекулы, Н. Әбдімомын деген азаматтарға осы іске қатысты бірнеше айып тағылып отыр.

Алматыдағы теракт кезінде қаза тапқандардың туғандары айыпталушыларды өлім жазасын кесуді сұрайды.

Шілденің 18 күні сағат 11:00 куәгерлер Алматының орталығында атыс басталып кеткені туралы хабарлаған болатын. Алмалы ауданы ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Оқиға теракт деп бағаланды. Тергеу болжамы бойынша, қылмыскер жалғыз өзі әрекет еткен. «Күдікті бұрын түрмеде отырған, кейін полицейлерден өшін алғысы келген»,- деп мәлімдеген еді ішкі істер министрі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!