Игорь Нанаевтың ісін ІІМ мен Бас прокуратура бақылауға алды

Фотография - Игорь Нанаевтың ісін ІІМ мен Бас прокуратура бақылауға алды

Фото: today.kz

Бас пркуратура Нанаевтың отбасына көңіл айтты.

305 0

Бас прокуратура "Парк Сити" клубында болған төбелестен кейін қаза тапған баскетболшы Игорь Нанаевтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Today.kz қадағалау органының сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Нанаев Игорьдың қазасына байланысты туған-туысқандарының қайғы-қасіретіне ортақтасады. Жақын күндері ІІД және облыс прокуратура өкілдерімен қоғамды толғандыратын сұрактарға қатысты пресс-конференция өткізіледі. Бұл іс еліміздің Ішкі істер министрі мен Бас прокурордың бақылауына алынды", - деп жазылған хабарламада.

Қазанның он бірі күні Петропавлда 23 жастағы Игорь Нанаев қайтыс болды. Баскетболшы түнгі клубтардың бірінде қатты соққыға жығылған еді. Естеріңізге салайық, қанды төбелес  қазанның үші күні болады. Куәгерлердің айтуынша, жігітті қатты соққыға жыққан. Басын асфальтқа соғып, аяқпен тепкілеу арқалы ерні мен қасын жұлып алуға тырысқан. Миына зақым келгені соншалық, жігіт комаға түсіп кетті. Оның жүріп жүрген дос қызы Дарья Тарановскаяның айтуынша, Игорьді полиция бекетінің маңында ұрған.  «Оның астынғы ерні жарылған, тістері жоқ. Жағы сынған, барлық мүшелері зақымданған. Миы қатты жарақат алған»,-деді ол.

Дәрігерлер оның миы бірден өліп қалғанын, қазір ешқандай тітіркендіру реакциясына жауап бермейтінін айтқан еді. Осы іс бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторында отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!