Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғаға жауаптылар соты жабық режимде өтеді

Фотография - Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғаға жауаптылар соты жабық режимде өтеді

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғаға жауаптылар ісі бойынша соттың алдын ала тыңдауы басталды.

476 0

Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға жауаптылар ісі бойынша сот жабық режимде өтеді, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы Ақтөбе облыстық қылмыстық істер бойынша  мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан алдын ала тыңдау отырысы барысында судья Нұрлан Сұлтанов мәлімдеді.

«Сот процесі жабық күйде өтеді деп шешілді. Соған байланысты БАҚ өкілдеріне арналған бөлмедегі дыбысты өшіріп тастауларыңызды сұраймын», - деп хабарлады  Ахметқали Молдағалиев.

Ақтөбеде маусымның бесі күні болған лаңкестік оқиғаға жауапты 29 адамның үстінен сот отырысы басталды.

Айтатын бір жайт, сот алдында жауапқа тартылған 29 адам, оның ішіндегі тоғызы бірқатаар қылмыстық заңбұзушылық үшін, сонымен қатар лаңкестік оқиғаға қатысқаны үшін, ал қалған 18 адам осы теракт болатынын біле тұра хабарламағандығы үшін, тағы екеуі қылмысты жасырғаны үшін айыпталып отыр.

Сотталып жатқандарды 27 адвокат қорғап жатыр. Куәәгер ретінде 48  адам, ал зардап шеккен 88  адам сотқа шықырылды.

Естеріңізге салайық, Ақтөбеде маусымның бесі күні салафиттер тобы лаңкестік әрекет жасаған еді. Екі қару сататын дүкен мен әскери бөлімге шабуыл жасады. Нәтижесінде жеті адам қаза болды, оның үшеуі әскери қызметкер. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!