Жоғалған астаналық, екі баланың әкесінің туыстары ІІМ көмек сұрайды

Фотография - Жоғалған астаналық, екі баланың әкесінің туыстары ІІМ көмек сұрайды

Фото жеке мұрағаттан алынды

Ерболат Жақсыгелдинді іздеу шараларына бір ай болып қалды.

412 0

40-жастағы Астана тұрғыны Ерболат Жақсыгелдинді іздеу басталғанына бір айға жуықтады. Оның туыстары ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан көмек сұрайды, деп хабарлайды Today.kz.

«Біз ішкі істер министрі Қасымовтан осы істң бақылауға алып, ағамызды іздеуге көмек көрсетуін сұраймыз. Ол осы жылы қыркүйектің 21 күні жоғалып кетті, әлі табылған жоқ. Біздің анамыз 65 жаста, ол құрметті теміржолшы, өмір бойы Қарағанды облысындағы стансаларда қызмет істеді. Ол ағамыз екеуімізді жалғыз тәрбиеледі, өйткені, менің әкем мен екіге толғанда қайтыс болған. Жоғалған ағамның әйелі мен екі баласы бар. Үлкен баласы мектеп бітірді, кішісі тоғызыншы сыныпта оқиды. Ағам отбасының жалғыз асыраушысы, тепловоздың жүргізушісі болып істеген. Мен тәжік-ауған соғысына қатысқанмын. Біз еліміз үшін қолымыздан келгенннің бәрін жасадық, енді мемлекеттен көмек сұраймын. Ағамды іздеуге көмектесіп жатқан адамдардың барлығы қазір кетіп қалды, мен түсінемін, олардың өз істері, проблемалары бар. Мен жалғыз қалдым. Мен бар уақытымды ағамды іздеуге арнағандықтан, мені жұмыстан шығарып жіберді. Іздеуге қажетті қаражатым да қалмады. Бірақ, мен соған қарамастан, ағамды іздеуді доғарған жоқпын. Оны таппай үйге қайта алмаймын. Мамам күнде көзіне жас алып, менен жаңалық күтеді. Қар жауғанын көргенде оның жағдайы төмендеп кетеді, ол баласының бір жерде тоңып жатқанына сенімді», - деді жоғалған азаматтың ағасы Сағыныш Жақсыгелдин.

Оның сөзі бойынша, Ерболат Жақсыгелдинді Қарағанды облысындағы Абай ауылында көрген. Іздеу шаралары осы ауылда тек қазанның бірінде басталған. ІІД оны Астана жоғалды деп есептеп, іздеу шараларын осы аймақта кеш бастаған.

Естеріңізге салайық, соңғы рет оның көлігін (мемлекеттік номері 076 16-ыншы аймақтың қара көк түсті Mercedes-Benz) Астанадан Қарағандыға шығар жолдан қыркүйектің 21 күні көрген. Ол Астанада әйелі, екі баласымен тұрады. Өзі тепловозда машинист болып істейді. Жоғалып кеткен күні ол демалыста болған. Туғандарының сөзіне қарағанда, Ерболат Жақсыгелдиннің әйелі ауруханада жатыр. Күйеуі оған күн сайын барып тұрған. Ол бұған дейін ешқашан ескертусіз ұзақ уақытқа ешқайда кетіп көрмесе керек.

Соңғы мәліметтер бойынша, оның ұялы телефонының белгісі Қарағанды облысы аймағында тіркелген. Ағасының айтуы бойынша, ол Қарабас немесе Абай аудандарында болуы мүмкін. Таяуда оның туыстар бақсылардан көмек сұрап, оны даладан іздеген болатын.

 Ерболат Жақсыгелдиннің белгілері: денесі ірі, бойы 195 сантиметр, шашы қысқа, толқынды. Басында қара баскиім, қара күртеше, қара шалбар, қара бәтеңке киіп шыққан. Оның қай жерде екені туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардың мына  телефондарға хабарлаасуын сұрайды: +7 (778) 407 1483 немесе 102.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!