Айнұр Тұрсынбаеваның қызы соғып кеткен жігіт: ол әділ жаза тартуы тиіс

Оқыс оқиға
2398
Зардап шеккен жігіт Айдана Көпбосыноваға материалдық және моралдік шығынды өтеу талабын қойып отыр.

"Бәйтерек" монументі жанында болған жол апатынан зардап шеккен Мейіржан Қасымғалиев Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Айдана Көпбосынованы кешіруге дайын, бірақ ол үшін алдымен материалдық және моральдік шығын өтелуі тиіс, деп хабарлайды Today.kz.

«Ең бастысы, мен әділдікті қалаймын. Ол өзінің әрекеті үшін жауап берсін. Адамдар өздерінің қандай деңгейде кінәлі екенін түсінуі тиіс. Олар күнде келіп, кешірім сұраған жоқ. Әрине, менің туыстарым оларды кешіретін еді, мүмкін, сол ауруханада-ақ мәмілеге келуге болар ма еді. Олар менің жол апатына дейін дені сау адам болғанымды, алған жарақаттар зардабын өмір бойы көретінімді түсінулері керек еді. Мен одан тек материалдық және моралдік шығынымды өтеп беруін  ғана қалаймын – маған бұдан басқа ештеңенің керегі жоқ. Мен оған жамандық тілемеймін, бостандығынан да айырғым келмейді. Тек адамның өз кінәсін мойындап, айыбын өтесе деген ойды жеткізгім келіп тұр»,- деді  Мейіржан Қасымғалиев.

Дегенмен, ол оған келген шығынның көлемін айтуға қиналды. Сонымен қатар, ол айыпталып отырған Айдана Көпбосынова ұсынған бес мың доллар объективті ұаражат емес деп есептейді.

«Бізде чектер бар, бірақ бәрі бірдей сақталған жоқ. Мен алған жарақаттар жазылған анықтама бар. Бір жарым миллион деген көп ақша емес, оны мен өзім де таба аламын. Шындығы керек, бұл жеткіліксіз сома. Өз денсаулығымды бес мың долларға бағаламаймын. Мен ертеңгі күнімді ойлаймын – осының салдары қандай болмақ, алынған жарақаттар денсаулығыма қалай әсер етеді, 20 жылдан кейін аяқ-қолым қандай халде болады. Олардың ұсынған ақшаларын мен моральдік немесе материалдық көмек ретінде қабылдай алмаймын. Меніңше, бұл соманы екі-үш есе ұлғайтып 20-30 мың долларға дейін көтеру қажет. Ата-анам осы соманы әлден-ақ белгілеген болатын, она мен орынды деп санаймын»,- деді ол.

Жас жігіттің айтуынша, жол апатына кінәлі қаз оның ахуалын біліп, ауруханаға келсе, отбасына моральдік және психологиялық көмек көрсетсе, жағдай мүлде басқаша болар еді.  

" оның туыстары ата-анамның алдынан мен реанимацияда жатқанда, апаттан кейін үшінші күні өткенін естідім. Айдананың келіп, ата-анамнан кешірім сұрап, кінәлі екенін мойындағанын да есіттім. Менің айтпағым – осы жағдайды ушықтырған басты жәйт туралы. Олар ауруханаға келгенде, анам оларды тыңдағысы келмей, қуып жіберген. Олардың тек үшінші күн өткеннен кейін ғана келгендігінен. Мені ауруханаға «жедел жәрдеммен» істің мән-жайын көрген күәгер, бөтен адам жеткізді. Айдана қасымда болған жоқ, ата-анама балаларының жол апатына ұшырағаны туралы хабар жеткізбеген. Ата-анам менің реанимацияға түскенім туралы тек бір тәуліктен кейін білген екен. Оларға хабар жеткізген менің әріптестерім. Ал әке-шешем мені жұмыста жүр деп ойлаған. Телефоным өшірулі болды", – деп баяндады М.Қасымғалиев.

Мейіржан Қасымғалиевтің мәлімдеуінше, оның ауруханадан шыққанына екі күн болды. Алда ұзақ уақыт созывлатын қалпына келу процессі күтіп тұр. "Таяуда ауруханадан шықтым. Соққының күштілігінен көз үстіндегі сүйек ішке майысқан, енді ойық болып қалған. Қолым гипске салынған – жарқыншақты сынық. Иығыма бір жылдан кейін ғана алынатын пластина салынды. Жамбас сүйегім де зақымданды – дәрігерлердің айтуынша, қалпыма келуге ұзақ уақыт кетеді. Апат болған сәттен бері 52 күн өтті. Ауруханада 50 күн жаттым", – деді ол.

Естеріңізге салайық, 10 қыркүйекте Мейіржан Қасымғалиевтің туыстары 30 тамыз күні Астанада, «Бәйтерек» монументінің жанындағы Нұржол бульварындағы жаяу өтпе жолында орын алған жол-көлік оқиғасының күәгерлерін іздестіре бастады.  18 жасар Айдана Көпбосынова Land Rover Discovery 4 автокөлігін жүргізіп келе жатып, 28 жасар жігітті қағып өткен. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, көптеген жарақаттар алған жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, реанимация бөлімінде 3 күн жатқан. Оқиға жөнінде екі жақ та өз пікірлерін білдірген. Жігіттің әпкесі белгісіз алаяқтардың оқиға түсірілген видеожазбаны сатуға талпынғандығы туралы мәлімдеген. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить