991

Almaty Tower ғимаратындағы өрттен студенттер қаза тапты - Алматы ІІД

Алматының полиция қызметкерлері Almaty Towers ғимаратында қайтыс болған студенттердің есімдерін анықтады
Фотография - Almaty Tower ғимаратындағы өрттен студенттер қаза тапты - Алматы ІІД Сурет: today.kz

Жастар Almaty Towers бизнес орталығында болған өртте қаза тапқан деп хабарлайды, Today.kz сайты Алматы  ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл жастар  1994 – 1996 жылдары туылған Алматының түрлі оқу орындарының студенттері.  Деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.  Қылмыстық іс бойынша жұмыс жүргізу кезінде басқа да жағдайлар анықталады», - деп полиция қызметкерлері жағдайды түсіндірді.

Бес адамның мәйіті 7-қарашада  11:00-де табылды. 

ҚР ІІМ ТЖ ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, жұмыс істеуші студенттердің жоғалғандығы туралы ақпарат өрт кезінде төменгі қабаттағы  адамдарды қауіпсіз жерге көшіргеннен кейін  ғана түскен.

Бұған дейін, бір ғана адамның қаза болғандығы хабарланған.

Бизнес-орталықтағы өрттің шығуы

Естеріңізге сала кететін болсақ, Almaty Towers ғимаратындағы өрттің шығуы туралы ақпарат  жедел басқару орталығына 6 қараша күні кешке келіп түскен. Ғимараттан 80 адам қауіпсіз жерге  көшірілді. Almaty Towers  кешені  үш үлкен бөліктен тұрады. Екі биік мұнаралы ғимарат , «Рахат Палас» бизнес-мейманханасы,  қонақ үйді және төменгі қабаттағы екі мұнараны жалғастырып тұратын органикалық өткел.

7- қараша күні  өрттің адам шығынымен тіркелгендігі туралы ақпарат сотқа дейінгі тергеу кезінде белгілі болды.  Алматы ІІД сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Almaty Towers ғимаратын жалға алушылардың шығыны

7 -қараша күні Almaty Towers бизнес орталығын жалға алушылар бір күн бұрын орын алған үлкен өрттің шығындарын есептеді. Таңнан бері жөндеу бригадасының қызметкерлері  өрттің тұтану зардаптарын қалыпқа келтіріп, коммуникацияларды іске қосу жұмыстарын қолға алуда.