1000

Сот танымал сәнгер Лилия Рахқа үкім шығарды

Атышулы қылмыстық іске қатысы барлар жазаларын әртүрлі мерзімде өтейтін болады.
Фотография - Сот танымал сәнгер Лилия Рахқа үкім  шығарды Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Сот Лилия Рахты жеті жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Today.kz   "Казинформ" ХАА сілтеме жасап.

"Лилия Рах-7 жылға, Мири Паз-7,5 жылға,  Бақыт Шалбаев пен Ислам Месіров- 8  жылға сотталып, мүліктері тәркіленді", - деп үкімді судья Қуаныш Әріпов оқыды.

Айыптау жағы Лилия Рахқа -7,5 жыл, Мири Пазға-8,5 сұраған болатын. 

Істі Алмалы сотының төрағасы Қуаныш Әріпов қарады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Лилия Рах 23 тамызда «адам ұрлады » деген күдікпен қамауға алынған еді. Кейіннен бұған Мири Паз, Ислам Месіров және Бақыт Шалбаевтардың  да қатысы бар екендігі дәлелденді. Лилия Рах Қазақстандағы Sauvage бутигінің және бірнеше ірі сән дүкендерінің иесі. Рах сән әлемінің 2015 жылғы қорытындысы бойынша фешн-индустрия саласында 500 беделді тұлғалардың қатарына енген. 

Загрузка...