959

Central Asia Monitor және Radiotochka.kz басшысы Бигелді Ғабдуллин ұсталды

Ведомства ақпаратында, кейбір атқамінерлер Ғабдуллиннің компаниясына қолдау көрсетіп, мемлекеттік сатып алуға шарт жасауды қамтамасыз еткен.
Фотография - Central Asia Monitor және  Radiotochka.kz басшысы Бигелді  Ғабдуллин ұсталды Сурет: radiotochka.kz

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында Central Asia Monitor және  Radiotochka.kz басылымдарының  бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге бопсалау дерегі бойынша  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды деп хабарлайды, Today.kz  ведомстваның баспасөз-қызметіне сілтеме жасап. Журналист Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, Ғабдуллин БАҚ бақылауға алынған «мемлекеттік органдар басшыларына қатысты келеңсіз материалдарды басу арқылы, оларды жаман атаққа қалдыратын беделсіз ақпараттарды шығаруға қатысты жұмысты жеделдеткен. Ғабдуллин, өзінің  ақпаратресурсына мемлекеттік тапсырыстарды алу үшін, лауазымды тұлғаларды сынамауға уәде беріп, бопсалаған».

Ведомства мәліметі бойынша, кейбір атқамінерлер Ғабдуллиннің комапниясына қолдау көрсетіп, мемлекеттік сатып алуға шарт жасауды қамтамасыз еткен.

«Осыдан кейін ғана БАҚ олардың қызметерінің дұрыс жақтарын жариялауға кіріскен. Мәселен, Жамбыл облысының әкімшілігінен Ғабдуллин, бюджет қаражатынан 10 миллионға жуық теңгені бопсалаған. Осындай ұқсастық бойынша, Ғабдуллинге  мемлекеттік тапсырыстарды жеті мемлекеттік орган алып беруге мүмкіндік жасаған»,-деп хабарлады Ұлттық бюрода.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары  жалғасып жатыр.