948

Ғабдуллиннің ісіне қатысты барлық айғақтар қоғам алдында жарияланады- Қожамжаров

Central Asia Monitor және Radiotochka.kz басылымдарының бас редакторы Бигелді Ғабдуллин бопсалады деген күдікпен айыпталып отыр.
Фотография - Ғабдуллиннің ісіне қатысты барлық айғақтар қоғам алдында жарияланады- Қожамжаров Сурет: today.kz

Ғабдуллиннің ісіне қатысты  барлық  айғақтар қоғам алдында жарияланады, деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров. Бұл туралы Today.kz. тілшісі хабарлайды.

«Қажет деген нәрселердің барлығын біз айттық. Менің айтқым келгені, тергеу жұмыстары ашық өткізіледі. Біз тексеру кезінде беті ашылатын барлық айғақтардың куәсі боламыз»,-деп хабарлады Қожамжаров  журналистерге.

Қожамжаров, дәл қазіргі уақытта Ғабдуллиннің  тек қамауға алынғанын, әлі тұтқындалмағанын атап өтті.  

«Ол өзінің  ақпаратресурсына мемлекеттік тапсырыстарды алу үшін, лауазымды тұлғаларды бопсалаған. Тергеу енді ғана басталды. Сондықтан, нақты ақпаратты кейін жариялаймыз»,-деді ол.  

Ғабуллинге қатысты шағым кімнен түсті деген сауалға, Қожамжаров: «Ол жерде Жамбыл облысының әкімшілігі деп көрсетілген. Тағы да, бірнеше министрліктер бар. Бірақ, бұл туралы кейін хабарланып, айтылады».

Central Asia Monitor және  Radiotochka.kz басшысы Бигелді  Ғабдуллиннің қамауға алынуы

15 қарашада, белгілі болғандай,  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында Central Asia Monitor және  Radiotochka.kz басылымдарының  бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге "бопсалау" дерегі бойынша  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды деп хабарланған болатын. Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, Ғабдуллин БАҚ бақылауға алынған «мемлекеттік органдар басшыларына қатысты келеңсіз материалдарды басу арқылы, оларды жаман атаққа қалдыратын беделсіз ақпараттарды шығаруға қатысты жұмысты жеделдеткен. Ғабдуллин, өзінің  ақпаратресурсына мемлекеттік тапсырыстарды алу үшін, лауазымды тұлғаларды сынамауға уәде беріп, бопсалаған».

Ведомства мәліметі бойынша, кейбір атқамінерлер Ғабдуллиннің комапниясына қолдау көрсетіп, мемлекеттік сатып алуға шарт жасауды қамтамасыз еткен.