1343

Опырылған ЭКСПО-2017 ғимараты бір айдан кейін қалпына келтіріледі - BI Group

Компанияда растағандай, бұл нысан жобаға сәйкес тұрғызылған.
Фотография - Опырылған ЭКСПО-2017 ғимараты бір айдан кейін қалпына келтіріледі - BI Group Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Астанада опырылып қалған ЭКСПО-2017 көрмесінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарына бір ай уақыт кетеді.  Бұл туралы баспасөз маслихатында  "ЭКСПО-2017" жоба жетекшісінің орынбасары Алмас Шүкенов айтты деп, хабарлады  Today.kz.тілшісі.

«Дәл қазір, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Опырылған ғимарат туралы сараптама қорытындысы белгілі болғаннан кейін, оның себебі нақтыланады. Бұл мәселеге байланысты ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Бірақ, барлық жұмыстар жобаға сәйкес орындалды деп айта аламын. Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Біздің барлық қызметкерлеріміз дін аман. Денсаулықтарына еш қауіп жоқ. Жұмыстарын істеп жатыр»,-деді Алмас Шүкенов.

Ал BI Group компаниясы өкілдерінің айтуынша, құрастырма көпір металл мен әйнектен жасалған. Оның ұзындығы 96 метр, салмағы 240 тоннаны құрайды. Құрылысына ішінара шетел мен отандық өндірушілердің өнімдері пайдаланылған.   

Опырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің  ғимараты

Естеріңізге сала кететін болсақ, 16 қараша күні, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің  ғимараттарының бірі опырылып қалған болатын. Сондай-ақ, ғаламторда оқиға орнынан түсірілген суреттер мен бейнероликтер пайда болған еді. Кейініректе жағдайдың мән-жайы анықталып, орын алған оқиғаға байланысты ішкі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

Загрузка...