943

Ақмола облысында заң компаниясының басшысы алаяқтық бойынша сотталды

Әйел келісілген төлемге байланысты түрмедегі жазаны өтеуді жеңілдетемін деген қызмет ұсынған.
Фотография - Ақмола облысында заң компаниясының басшысы алаяқтық бойынша сотталды Көрнекі сурет

Ақмола облысындағы заң компаниясының басшысы келісілген төлемге  байланысты түрмедегі жазаны өтеуді жеңілдетемін деген қызмет ұсынған деп хабарлайды, Today.kz облыстық соттың  баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.  

Хабарланғандай, әйел ҚР ҚК  190-бабы, 1-тармағы, 3-тармақшасына сәйкес  «Алаяқтық» бойынша мүлкін тәркілеумен үш жыл, алты айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді.

«Сотпен анықталғандай, «Көкше заңгер» ЖШС басшысы, К. деген азаматшаға заңдық көмек көрсете отырып, оның жұбайының түрмедегі жазасын өтеуін жеңілдетемін деген қызмет ұсынған. Өзінің қызмет түріне ЖШС басшысы К.деген азаматшаның адвокаты арқылы ақшалай қаражат алған»,-деп соттың баспасөз-қызметінде хабарланды.

Ведомства ақпараты бойынша, К. деген азаматшаға өтелетін залал толығымен сотқа дейін қайтарылды.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 19 қарашада Риддер қаласында  алаяқтар зейнеткердің ақшасын алдап, қолға түсірген болатын. Екі ер адам жасы ұлғайған әйелге өздерін әлеуметтік саланың қызметкерлеріміз деп таныстырып, ескі ақшаны жаңа ақшаға ауыстырамыз деп алдаған.