922

Опырылған ЭКСПО-2017 ғимараты беделімізге еш нұқсан келтірмейді – Ыдырысов

ҚР сыртқы істер министрінің айтуынша, жөндеу жұмыстары межеленген уақытында аяқталады.
Фотография - Опырылған ЭКСПО-2017 ғимараты беделімізге еш нұқсан келтірмейді – Ыдырысов Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сенаттың жалпы отырысында, Астанада опырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің  ғимараты еліміздің және көрменің беделіне ешқандай нұқсан келтірмейді деп журналистерге мәлімдеді. Бұл туралы Today.kz. хабарлайды.

Ведомства басшысы, жөндеу жұмыстары межеленген уақытында аяқталады деп сендірді.

«Кеше бұл туралы нақты айтылды ғой. Ешқандай үлкен мәселе туындап отырған жоқ. Бұл тек алдын-ала жобаланған құрылма. Төбесі ғана құлап түскен. Кез-келген құрылыста мұндай жағдайлар орын алады. Бірден қолға алдық. Құрбан болғандар жоқ. Құрылыс жүріп жатыр. ЭКСПО-ға қатысты барлық жұмыстар межеленген уақытында аяқталып, дер кезінде тапсырылады. Беделімізге еш нұқсанын тигізбейді. Бұл тақырыпты ушықтырмаңыздар. Бәрі жоспарлы түрде жүріп жатыр»,-деді Ыдырысов.

ЭКСПО-2017 көрмесі ғимаратының опырылуы

16 қараша күні, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі  ғимараттарының бірі опырылып қалған болатын. Сондай-ақ, ғаламторда оқиға орнынан түсірілген суреттер мен бейнероликтер пайда болған еді. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ баспасөз-қызметінде, опырылған ғимарат павильондарының арасын жалғап тұратын төсемелі декоративті  конструкция деп түсіндірме берген еді. Кейініректе жағдайдың мән-жайы анықталып, орын алған оқиғаға байланысты ішкі тергеу жұмыстары жүргізілді.

"ЭКСПО-2017" жоба жетекшісінің орынбасары Алмас Шүкеновтың айтуынша,  опырылып қалған ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарына бір ай уақыт кетеді.

 

Загрузка...