1710

Bi Group: ЭКСПО ғимаратының құлауы металл қоспасының сапасыздығынан болуы мүмкін

BI Group басшысы Айдын Рахымбаевтың айтуынша, Қытайдан алынған металл құрамындағы химиялық қоспаға жуық арада сараптама жасалынады.
Фотография - Bi Group: ЭКСПО ғимаратының құлауы металл қоспасының сапасыздығынан болуы мүмкін Сурет: facebook/@Айдын Рахымбаев

BI Group  басшысы Айдын Рахымбаевтың хабарлауынша, компания Астанада опырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің  ғимаратын қалпына келтіреді деп хабарлайды, Today.kz  Рахымбаевтың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Компания сараптаманың ешқандай шешіміне қарамастан залалды өтейді. Егер шығын жобалаушыларға жүктелетін болса да, жіберген кемшілікті біздің инженерлер мен құрылысшылар түзейді. Ал ғимарат павильондарына келетін болсақ, олар бүтін. Осындай күрделі кезеңде бізге сөзбен де, іспен де қолдау білдіріп жатқан барша жандарға, өзге құрылыс компанияларындағы әріптестеріме, инженерлерге, өз ісінің мамандарына үлкен алғыс білдіргім келеді »,-деп хабарлады Рахымбаев.

Оның сөзінше, инженерлермен ақылдаса отырып, алдын ала болжам жасалған. Тоқсан метрлік баған қатты суықта металдың майысуын көтере алмаған. Металдың құрамындағы химиялық қоспа сапаға сай емес. Алайда металл қатты суық пен қатты ыстыққа шыдас беруі керек еді. Өкінішке орай, керісінше болды. Бұл тек BI Group-тың болжаған пікірі деді ол.

Айдын Рахымбаев, Қытайдан алынған металл құрамындағы химиялық  қоспаға жуық арада сараптама жасалынады деді.

«Бірінішіден, бұл құрылма - сәулетті  декоративті элемент. Пішіні металмен жабдықталған. Оның монтаж жұмыстарымен келісім-шарт арқылы «Имсталькон» деген еліміздегі кәсіби компаниялардың бірі айналысқан болатын. Біз қазір кәсіби құрылысшылар ретінде олардың атқарған жұмыстарына ешқандай күмән келтіре алмаймыз. Сіздер құлаған жерден түсірілген суреттерді қарап отырсаңыздар, құрылманың монтаждау мен жалғанған тұстарында опырылу белгілері жоқ. Оны кесіп тастағандай болып көрініп тұр. Құрылманың беріктігі сонша, биіктен құласа да шыны әйнектері толық сынбаған»,- деді ВI Group басшысы.

ЭКСПО-2017 көрмесі ғимаратының опырылуы

16 қараша күні, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің  ғимараттарының бірі опырылып қалған болатын. Сондай-ақ, ғаламторда оқиға орнынан түсірілген суреттер мен бейнероликтер пайда болған еді. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ баспасөз-қызметінде, опырылған ғимарат павильондарың арасын жалғап тұратын төсемелі декоративті  конструкция деп түсіндірме берген еді. Кейініректе жағдайдың мән-жайы анықталып, орын алған оқиғаға байланысты ішкі тергеу жұмыстары басталды.

"ЭКСПО-2017" жоба жетекшісінің орынбасары Алмас Шүкеновтың айтуынша, опырылып қалған ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарына бір ай уақыт кетеді.

ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, опырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің  ғимараты еліміздің және көрменің беделіне ешқандай нұқсан келтірмейді деп мәлімдеді.

Загрузка...