ҚР ІІМ ЭКСПО-2017 ғимаратының опырылу себебін анықтап жатыр

Оқыс оқиға
1286
Қалмұханбет Қасымов опырылған құрылмаға қатысты түсініктеме берді.

 ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов  Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі ғимаратының опырылуына байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды, Today.kz. Оның сөзінше, ведомствада бұл мәселеге байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Біз қылмыстық іс қозғадық. Сараптама жүргізілуде. Себебін анықтаған кезде, іске байланысты шешім шығарамыз. Қазір техникалық сараптама жасап жатырмыз. Мүмкін біреу кесіп тастаған шығар, материал сапасыз шығар. Осы сынды жағдайлардың бәрін анықтағаннан кейін ғана, шешім шығарамыз»,-деді Қалмұханбет Қасымов.

ЭКСПО-2017 көрмесі ғимаратының опырылуы

Естеріңізге сала кететін болсақ,16 қарашада Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің  ғимараттарының бірі опырылып қалған болатын. Сондай-ақ, ғаламторда оқиға орнынан түсірілген суреттер мен бейнероликтер пайда болған еді. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы АҚ баспасөз-қызметінде, опырылған ғимаратты павильондардың арасын жалғап тұратын төсемелі декоративті  конструкция деп түсіндірген. Кейініректе, жағдайдың мән-жайы анықталып, орын алған оқиғаға байланысты ішкі тергеу жұмыстары басталды.

"ЭКСПО-2017" жоба жетекшісінің орынбасары Алмас Шүкеновтың айтуынша, опырылып қалған ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарына бір ай уақыт кетеді.

ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, опырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің  ғимараты еліміздің және көрменің беделіне ешқандай нұқсан келтірмейді деп мәлімдеді.

BI Group  басшысы Айдын Рахымбаев өзінің Facebook парақшасында, компания Астанада опырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің  ғимаратын қалпына келтіреді деп хабарлаған болатын. Оның сөзінше, инженерлермен ақылдаса отырып, алдын ала болжам жасалған. Тоқсан метрлік баған қатты суықта металдың майысуын көтере алмаған. Алайда металл қатты суық пен қатты ыстыққа шыдас беруі керек еді. Металдың құрамындағы химиялық қоспа сапаға сай емес.

 

 

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить