1412

Ақтаулық педофил ҚР Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айыпталып отыр

Оның бірі – «Есірткі заттарымен заңсыз айналысу».
Фотография - Ақтаулық педофил ҚР Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айыпталып отыр Сурет: today.kz

Ақтаулық алты жасар Виканы жәбірлеуші күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл туралы Today.kz тілшісіне ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев хабарлады.

«Күдіктіні  Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша саралап отыр. Олар: 125-бабы "Адам ұрлау", 5-тармақ, 2-бөлім. 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері ", 4-бөлім. 120-бабы "Зорлау", 4-бөлім. 99-бабы "Адам өлтіру" және 296 "Есірткі заттарымен заңсыз айналысу»,-деді Алмас Садубаев.

Оның ақпараты бойынша, істі тергеу жұмыстары аяқталу сатысында тұр.

21 қарашада 6 жасар Виктория Минина Астанадағы Ана мен баланың ғылыми зерттеу орталығында есін жимастан, көз жұмды. Қыздың өлімінің себебін анықтауға сараптама белгіленді. Ертеректе, дәрігерлер «Миы өлген» деген диагноз қойған болатын. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және ведомства қызметкерлері Виканың туыстарына көңіл айтты. Айуандылықпен жасалған қылмыстың құрбаны болған Виканы қазақстандықтар аза тұтты.

Ақтаудағы зорлау

Ақтауда  20 тамыз күні алты жасар кішкентай қызды ұрлап, зорлап кеткен еді. Сәбиді бірнеше сағаттан кейін  ауыр жағдайда полиция қызметкерлері тауып алған болатын.

Күдіктінің ұсталуы

ҚР ҚК 120 бабы «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын. 24 тамыз күні Маңғыстау облысының полицейлері зорлаған күдіктіні қолға түсірді. ІІД баспасөз қызметінің анықтауынша, ер адам бұрын психикалықауытқулар диспансерінде тіркеуде тұрған. Ал  7 қараша күні ақыл-есі дұрыс деп танылған ақпарат шыққан. Күдіктінің қорғаушысы Намиг Валиевтің айтуынша, баланы мысықты сипату арқылы қызықтырып, алдап әкеткен.

 

Загрузка...