965

Апелляциядан кейін Юрий Пакке қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Судья үкім оқылған кезде физика мұғалімінің кінәлі екендігіне күмәнданбағанын атап өтті.
Фотография - Апелляциядан кейін Юрий Пакке қатысты үкім өзгеріссіз қалды Фото: today.kz

Қарашаның 29 күні судья Рашид Нұрмағамбетов төрағалығық еткен Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша апелляциялық комиссия физика пәні мұғалімінің «ЦУМ» сауда орталығына қойылған мина туралы жалған ақпарат бергені үшін тағылған айыптан ақтау жөніндегі арызын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Today.kz.

«Куәгерлер берген ақпаратты сараптап, қылмыстық істегі материалдар зерттеп, сот алғашқы үкім заңды, негізді және оның күші жойылмайды деп есептейді», - деп Рашид Нұрмағамбетов сот алқасының шешімін оқыды.

Судья шешімді оқу барысында №86 мектебінің физика мұғалімі Юрия Пактің кінәсіне қатысты күмән тумағанын атап айтты.

«Алдына ала және сот кезіндегі тергеу барысында Юрий Пактің 2015 жылдың 14 сәуірі күні мектептің кабинетінде бола тұра, «... мемлекеттік органдарға террористік акт жөнінде жалған ақпарат тарататынын, оның салдарын біле тұра, қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында +7 707 735 60 22 абоненттік номерге тіркелген өзінің мобильдік телефонынан алты сандық 8 7212 43 38 87 номеріне байланған  Қарағанды облыстық төтенше жағдай департаментінің 112 номеріне хабарласқан»,- деді Нұрмағамбетов.

Мұны естіген сотталған Юрий Пак жылап жіберді. Ал оның адвокаты Сергей Ким оның кінәлі еместігін одан әрі дәлелдейтінін мәлілмдеді.

Юрий Пакке қатысты сот үкімі

Қарағандыдағы №86 орта мектептің физика пәні мұғалімі Юрий Пакті сот орталық әмбебап дүкенге мина қойылғандығы турады жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, оны қазанның үші күні екі жылға бас бостандығынан айыырды. Сот пен тергеудің нұсқасы бойынша, 2015 жылдың 14 сәуірінде Пак мобильді телефоны арқылы дүкенге жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген. Нәтижесінде, ұш мың адам тысқа шығарылып, тексеру барысында жарылғыш зат табылмады. Мұғалім өзінің кінәсн мойындаған жоқ. Ол осы уақытта әріптестеріне парта тасуға көмектескенін, ал осы уақытта оның телефоны көрші кабинеттегі сөмкесінде жатқанын айтады.

Загрузка...