1495

Қарағандыда прокурорлар әлеуметтік желі арқылы сотқа қысым жасамауға шақырды

Бұл туралы Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Әспенби Жарылғасов хабарлады.
Фотография - Қарағандыда прокурорлар әлеуметтік желі арқылы сотқа қысым жасамауға шақырды Фото: today.kz

Қарағандыда прокурорлар әлеуметтік желі арқылы сотқа қысым жасап, сот шешімінің күшін жоюға тырысуды доғаруға шақырды, деп хабарлайды Today.kz.

Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Әспенби Жарылғасов соңғы кезде сот шешіміне қарсы болғандар әлеуметтік желіге наразылықтарын жариялау арқылы құқық қорғау, сот, қадағалау органдарына қысым жасағысы келетінін хабарлады.

«Кейбір азаматтар үкімді әлеуметтік желі арқылы талдап, осы арқылы көпшілікті наразылық акциясын жариялауға итермелейді. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады. Көпшілікті наразылық акциясына шақырып, рұқсатсыз митинг өткізіп, жаппай бұзақылық әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін. Егер сот шешімімен келіспейтін болса, тараптардың Жоғарғы сотқа арыз жазуына құқығы бар», - деп хабарлады Жарылғасов.

Покурордың мұндай мәлімдеме жасауына таяуда сотталған Юрий Пактің ісі себеп болса керек. Ол жалған терроризм үшін екі жылға бас бостандығынан аййрылған еді.

«Иә, тергеу органы қылмыстың мотивін анықтаған жоқ. Бірақ бұл мұғалімді кінәсіз деп танудың себебі емес. Дегенмен, Юрий Пактің ісінде барлық дәйектер келтірілген», - деді Жарылғасов.

Юрий Пакке қатысты сот үкімі

Қарағандыдағы №86 орта мектептің физика пәні мұғалімі Юрий Пакті сот орталық әмбебап дүкенге мина қойылғандығы турады жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, оны қазанның үші күні екі жылға бас бостандығынан айыырды. Сот пен тергеудің нұсқасы бойынша, 2015 жылдың 14 сәуірінде Пак мобильді телефоны арқылы дүкенге жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген. Нәтижесінде, ұш мың адам тысқа шығарылып, тексеру барысында жарылғыш зат табылмады. Мұғалім өзінің кінәсн мойындаған жоқ. Ол осы уақытта әріптестеріне парта тасуға көмектескенін, ал осы уақытта оның телефоны көрші кабинеттегі сөмкесінде жатқанын айтады.

Загрузка...