733

Екі баланы соққан Hummer жүргізушісі бір жылға бас бостандығынан айырылды

Азамат Хасенов сот залында қамауға алынды.
Фотография - Екі баланы соққан Hummer жүргізушісі бір жылға бас бостандығынан айырылды Антон Силаев. Сурет жеке мұрағаттан

Астанада екі баланы соққан Hummer жүргізушісі Азамат Хасенов, жазасын бір жыл колонияда өтейді деп, хабарлайды Today.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап. Сот залында жас жігіттің қолына кісен салды.

«Жүргізушіге ҚР ҚК 345-бабы, 2-тармағына сәйкес «Көлік қозғалысының техникалық ережелері немесе ЖҚЕ бұзып, абайсызда адам денсаулығына ауыр залал келтіргені үшін» деген айып тағылып, Азамат Хасенов, бір жыл бас бостандығынан айырылып, көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылды»,-делінген хабарламада.

Он жасар Антон Силаевтың анасы Анастасия Ли, берілген жазаның әділ болғанын алға тартты.

«Прокурор екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Мен соттан қатаң жазалауды сұраған едім. Меніңше берілген жаза әділ болды деп есептеймін»,-деді зардап шеккен баланың анасы.

Hummer аулалардың бірінде екі баланы соғып кетті

16 тамызда Астанадағы аулалардың бірінде екі баланы Hummer соғып кеткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан көлік, футбол алаңындағы екі баланы қағып кеткен. Зардап шеккен балалар бірнеше жерлерінен жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Балалардың ата-аналары мен жүргізушінің туыстары  аталмыш оқиғаға қатысты әр түрлі болжамдар айтты

Жүргізушінің туыстарының айтуынша, балалар көліктің алдына жүгіріп шығып, көлік жүргізушісі тежеуішті басып үлгермей қалса керек. Алайда, зардап шеккен баланың анасы Анастасия Ли мұнымен келіспейді. Есесіне ол ІІД-не айыпталушылар жазадан құтылуға әрекетеніп жатқанын айтып, тағы да арыз түсірді. 

Hummer жүргізушісінің балаларды қаққанға дейінгі камерадан түсірілген бейнежазбасы

Today.kz редакциясына тұрғын үй кешенінің ауласында орнатылған бейнекамералар жазбалары арқылы болған оқиға жайында түсінік беретін ролик келіп түсті. Жазбада көлік аулаға кіріп келе жатқанда, көлік тоқтайтын жаққа бұрылған тұста, бала атып шығады.

Анастасия Лиге арызын қайтарып алу үшін ақша ұсынған. ЖКО кейін, бір айдан соң, Hummer жүргізушісінің туғандары зардап шеккен Антон Силаевтың анасына арызын қайтарып алу үшін 400 мың теңге ұсынған. Бұл туралы баланың анасы Анастасия Ли Today.kz редакциясына мәлімдеді. Олардың ақша ұсыну туралы сөйлескен аудиожазбасы редакцияға берілді.

Hummer жүргізушісіне сот

Естеріңізге сала кететін болсақ, 16 қарашада Астана қаласында ЖКО байланысты, сот процесі басталған болатын. Іс бойынша, Азамат Хасенов айыпкер ретінде жауап берді. Зардап шеккен жақтан он жасар Антон Силаевтың анасы, Анастасия Ли сөйледі. Жүргізушіге ҚР ҚК 345-бабы, 2-тармағына сәйкес «Көлік қозғалысының техникалық ережелері немесе ЖҚЕ бұзып, абайсызда адам денсаулығына ауыр залал келтіргені үшін» деген айып тағылған болатын.

Егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, көлік жүргізуге шектеу қойылып немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл бабтың санкциясы бойынша, тағы да екі мың АЕК айыппұл төлеу немесе сол көлемде түзету жұмыстарын жасау қарастырылған. Сондай-ақ, белгілі бір лауазымды орындарда отыруға және де қандайда бір қызметпен айналысуға үш жылға дейін тиым салынады.

Жүргізушінің өзі соттағы тергеу кезінде ЖКО туралы жағдайды баяндай келе, оның оқиға кезінде жүргізген көлігі досына тиеселі екендігін алға тартты.

Кейініректе, Hummer соққан баланың анасы Анастасия Ли, жүргізушінің сотқа берген жауабына түсініктеме берді. Ол, Азамат Хасеновтың сотта айтқандарын «екіжүзділік» деп, ал жүргізушінің өзін «ұятсыз» деген болатын.

 

 

Загрузка...