ЭКСПО-2017 конструкциясының құлауына жобалық кемшіліктер себеп болған

Оқыс оқиға
1825
Сараптама материалдарды химиялық құрамынан бастап, жобаның аяқталуына дейін мұқият тексеруден өткізді.

Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің құлау себебі белгілі болды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ баспасөз-қызметінің жетекшісі Сергей Куянов айтты деп, хабарлайды Today.kz "Казинформ" ХАА-не сілтеме жасап.

Оның айтуынша, сараптама материалдарды химиялық құрамынан бастап, жобаның аяқталуына дейін мұқият тексеруден өткізді.

«Мамандар конструкцияның құлауына жобалық кемшіліктер себеп болды деген шешімге келді. Бізде бір ғана жобалаушы. Ол сегіз конструкцияны жобалып, оның төртеуіне қатысқан. Үшіншісінде қосалқы мердігерді тартқан еді. Қосалқы мердігерлер, осы конструкцияға металдың басқа түрін пайдаланған. Барлығы көрме кешенінде сегіз конструкция бар. Бұл ең ұзыны болатын. Сондықтан да, осы конструкцияның жобасында бұзылу орын алды»,-деді Куянов.

ЭКСПО-2017 көрмесі ғимаратының опырылуы

Естеріңізге сала кететін болсақ,16 қарашада Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің  ғимараттарының бірі опырылып қалған болатын. Сондай-ақ, ғаламторда оқиға орнынан түсірілген суреттер мен бейнероликтер пайда болған еді. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы АҚ баспасөз-қызметінде, опырылған ғимаратты павильондардың арасын жалғап тұратын төсемелі декоративті конструкция деп түсіндірген. Кейініректе, жағдайдың мән-жайы анықталып, орын алған оқиғаға байланысты ішкі тергеу жұмыстары басталды.

"ЭКСПО-2017" жоба жетекшісінің орынбасары Алмас Шүкеновтың айтуынша, опырылып қалған ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарына бір ай уақыт кетеді.

ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, опырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің ғимараты еліміздің және көрменің беделіне ешқандай нұқсан келтірмейді деп мәлімдеді.

BI Group  басшысы Айдын Рахымбаев өзінің Facebook парақшасында, компания Астанада опырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің  ғимаратын қалпына келтіреді деп хабарлаған болатын. Оның сөзінше, инженерлермен ақылдаса отырып, алдын ала болжам жасалған. Тоқсан метрлік баған қатты суықта металдың майысуын көтере алмаған. Алайда металл қатты суық пен қатты ыстыққа шыдас беруі керек еді. Металдың құрамындағы химиялық қоспа сапаға сай емес.

 

 

 

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить