1018

Ақтауда арнайы операция барысында 22 келі марихуана тәркіленді

Марихуананы Қырғызстаннан әкелген.
Фотография - Ақтауда арнайы операция барысында 22 келі марихуана тәркіленді Көрнекі сурет

Маңғыстау облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында 22 келі марихуана тәркіледі деп, хабарлайды Today.kz аймақтық "Лада" порталына сілтеме жасап.

Тәркіленген нашаның сортын нақтылаған полиция қызметкерлері, оны «Индюха» деп аталатынын айтты.

««Индюха» құрамында тетрагидроканнабинолдың көп мөлшері бар. Арнайы операция барысында ұсталған, адамдар соттың бұлтартпау шарасы негізінде, қамауға алынды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»,-деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасында.