1290

Жаңаөзенде жолға жүгіріп шыққан жеті жасар баланы көлік қағып кетті

Бала аурухананың травматология бөліміне жатқызылды.
Фотография - Жаңаөзенде жолға жүгіріп шыққан жеті жасар баланы көлік қағып кетті Көрнекі сурет

Жеті жасар оқушы Жаңаөзенде ЖКО салдарынан зардап шекті. Бала тыйым салынған жолға жүгіріп шыққан деп, хабарлайды Today.kz Маңғыстау облысы ІІД баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

«13 желтоқсан күні, сағ: 18:30-да, Жаңаөзеннің 24 жасар тұрғыны Lada Largus көлігін тізгіндеп келе жатып, «Арай» шағын ауданында орналасқан «Бозай» мейрамханасына қарама-қарсы жолдың тыйым салынған жеріне жүгіріп шыққан жеті жасар баланы қағып кеткен»,-делінген хабарламада.

ЖКО салдарынан бала жарақат алып, Жаңаөзендегі қалалық аурухананың травматология бөліміне жатқызылды.

Құқық бұзған жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Аталған оқиға бойынша, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес, «Көлік қозғалысының техникалық ережелері немесе көлік жүргізетін адамдардың көлік құралдарын пайдалануы» деген  сотқа дейінгі тергеу басталды.