Апелляциялық сот алқасы Бақытбек Есентаевтың ісіне байланысты шешім шығарды

Оқыс оқиға
1557
Үкім өзгеріссіз қалды.

Апелляциялық сот алқасы Бақытбек Есентаевтың ісіне байланысты үкімді өзгеріссіз қалдырды деп, хабарлайды Today.kz Алматы облыстық сотының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы, Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 3 қарашада шыққан Бақытбек Есентаевқа шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағымды қанағаттандырмай тастады»,-делінген баспасөз-қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, қабылданған шешімнің себептері сот актісінде көрсетіледі.

Баян Есенатаеваның соққыға жығылуы

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымда Баян Есентаева бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Оны өлтірмек болды деген күдікпен продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев тұтқындылды. Кейін оның оқиға кезінде мас болғаны анықталды. Тергеушілердің болжамы бойынша, Есентаевтар арасындағы дау қызғаныш негізінде туған. Жұбайлар Бақытбек Есентаевтың жиенімен бірге Алматы сыртында көлікпен келе жатқан. Жол бойында қызғанышқа булыққан күйеуі Баянды ұра бастайды. Жолдағы бензин құю станцияларының бірінде күйеуі көлікті жүргізіп келе жатқан жиенін түсіріп тастап, әйелін одан ары соққы жығып, пышақтап тастайды. Оқиға орнына жеткен олардың қызы (істегі материалдар бойынша) әкесін тоқтатып, анасын Талғардағы ауруханаға жеткізіп үлгереді.

20 маусымда Баян Есентаеваны ауруханадан шығарып, операция жасаған дәрігер оның мұрнына пластикалық операция жасау қажетілігі бар екенін айтқан еді.

25 тамызда шетелде емделген Баян Есентаеваның Қазақстанға оралғаны белгілі болды. Ол өзінің Instagram парақшасында бетін көрсетіп түскен алғашқы суретін жариялады. Бұған дейін продюсер желіге тек арқасын көрсетіп тұрған суреттер ғана салып келді.

Қыркүйектің бірі күні Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның неліктен мұндай қылмысқа барғанын айтқан еді. Бекболат Жексейітовтың айтуынша, ол әйелін қызғанып, ажырасқысы келмегендіктен осындай қадамға барғанын айтқан.

Кейін оның тек Баянды өлтіру әрекеті үшін ғана емес, оны зорлағаны үшін айыпталып жатқаны белгілі болды. 

Сот процесі

18 қазанда, Талдықорғанда Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевтың соты басталды. Оған белгілі продюсер өзінің қызы Айсәуле Бақытбекпен және апасы Бағым Мұхитденовамен келді. Процесте жәбірленуші күйеуін кешіргенін айтып, оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды  сұраған еді.

3 қарашада, сот танымал продюсер Баян Есентаеваның күйеуін тоғыз жыл бас бостандығынан айырып, қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге үкім шығарды. Бақытбек Есентаев өзінің соңғы сөзінде ешқандай кінәсінің жоқ екендігін айтты. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить