1073

Зорланған Виктория Мининаға байланысты іс Ақтау сотына түсті – БАҚ

Іс бойынша жиналған материал 11 томды құрады.
Фотография - Зорланған Виктория Мининаға байланысты іс Ақтау сотына түсті – БАҚ Көрнекі сурет

Зорланған 6 жасар Виктория Мининаға байланысты іс 23 желтоқсан күні Ақтаудың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түсті. Іс бойынша жиналған материал 11 томды құрады деп, хабарлайды Today.kz Маңғыстау облысының Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының дереккөзіне сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша, 26 желтоқсан күні қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиғаның мән-жайымен айналысатын сот тағайындалады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Виктория Мининаны 24 қараша күні жер қойнына тапсырған болатын. Алты жасар қызбен қоштасуға Ақтаудың жүздеген тұрғыны келді.

Ақтаудағы зорлау

Ақтауда 20 тамыз күні алты жасар кішкентай қызды ұрлап, зорлап кеткен еді. Сәбиді бірнеше сағаттан кейін  ауыр жағдайда полиция қызметкерлері тауып алған болатын.

Күдіктінің ұсталуы

ҚР ҚК 120 бабы «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын. 24 тамыз күні Маңғыстау облысының полицейлері зорлаған күдіктіні қолға түсірді. ІІД баспасөз қызметінің анықтауынша, ер адам бұрын психикалықауытқулар диспансерінде тіркеуде тұрған. Ал  7 қараша күні ақыл-есі дұрыс деп танылған ақпарат шыққан. Күдіктінің қорғаушысы Намиг Валиевтің айтуынша, баланы мысықты сипату арқылы қызықтырып, алдап әкеткен.

Өмір үшін күрес

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, өлім мен өмір үшін күресіп жатқан алты жасар Вика көп уақыттан бері ауыр халде жатыр. Дәрігерлер жазылуға мүмкіндік туғанша күреседі.  

4 қарашада белгілі болғандай, қыздың әжесі Анжелика Насырова, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазған болатын. Әйел, Мемлекет басшысына жолдаған хатында, немересінің жағдайына байланысты, "өлімге қарсы" салаға жанама зерттеу жүргізуге рұқсат беруін сұраған еді.

«Сізден өтінеріміз, біздің өтінішімізді қарап, біздің баламызға аяушылық танытып, осы жағдайды зерттеуге рұқсат беруіңізді  сұраймыз. Біздің басқа амалымыз жоқ. Бұл біздің соңғы мүмкіндігіміз»,-делінген хатта.

Қыздың өлімі

21 қарашада Ақтауда зорланған 6 жасар Виканың  қайтыс болғандығын туыстары хабарлады. Қызда тыныс алудың  үшінші дәрежедегі жетіспеушілігі және жүрек-қан тамыралырының үшінші дәрежедегі жетіспеушілігі деген өте ауыр асқыну тіркелген болатын.

 

Загрузка...