Мәжілісмендер Тінікеевтің кетуі туралы: «өкінішті» деп айту қисынсыз

Оқыс оқиға
1155
Мұхтар Тінікеевтің әріптестері шулы оқиғадан кейін, депутаттық өкілеттігін доғару туралы өтінішіне пікір білдірді.

Мәжілісмен Мұхтар Тінікеевтің әріптестері өкілеттігін доғару туралы депутат өтінішіне өз пікірлерін білдірді деп, хабарлайды Today.kz тілшісі.

Глеб Щегельскийдің айтуынша, Мұхтар Тінікеев қазір Қарағандыда.

«Ол Қарағандыға 90 жастағы ауырып жатқан анасына кетті. Оның денсаулығына қатысты жағдайды айта алмаймын. Онда медициналық айғақтар бар, ол туралы сөз еткім келмейді»,-деді Щегельский.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсованың пікірінше, Тінікеевтің жағдайында «өкінішті» деп айту, қисынсыз, ол шешімді ол өзі қабылдады.

«Сіздер білесіздер, «өкінішті» деген сөз бұл жерде мүлде қолайлы емес. Ол заңның берген құқығын пайдаланып, лайықты әрекет жасады. Мен ол мәселені талқыламаймын, бірақ Мұхтар осындай шешімді дұрыс деп қабылдады. Біз оның шешімін сыйлауымыз керек. Депутаттың қосымша жауапкершілігі оның қызметінің сапасында, ал тәртіп мәселесіне келетін болсақ, ол әрбір адамның жауапкершілігі. Бәріміз бір қоғамда өмір сүріп отырмыз, соны Мұхтар түсінуі керек. Біздің артымызда бала-шағамыз, достарымыз тұр. Сондықтан жауапкершілік бізде үнемі болуы керек. Қазір ғаламтор мен желілердің дамыған заманында біздер қоғамдық тұлғалар болғандықтан, абай болуымыз керек. Артық қимылымыз халық алдына шыға келеді. Осыны ұмытпайық»,-деп пікірімен бөлісті Қарағұсова.

ҚР Парламент Мәжілісі төрағасы жанындағы депутат этикасы Кеңесінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Тінікеевтің парламенттен кеткендігіне өкініш білдіремін деп, хабарлады журналистерге.

«Ол менің көз алдымда өсті. Сондықтан мен өкініп тұрмын. Оның саяси білімі бар, имиджі қалыптасқан, жан-жақты жігіт. Бұл шешімнің қаншалықты шұғыл екендігін білеймін. Бірақ ол ойланып, толғанып шешті деп ойлаймын. Бұл оның мінезін көрсетеді. Ол өзінің қателікке бой алдырғанын осылай түсіндірді. Бұл жағдайдың сабақ болғанын өз кезегінде мойындады. Бұл достық сабағы болды. Бала кезден дос жандардың арасындағы мәселе. Олардың қарым-қатынасы өздеріне аян (…) Мен оны орнықты, дұрыс адам ретінде бұрыннан жақсы танимын. Депутаттарға басқа адамдармен дос болуға ешкім тыйым салған жоқ. Әр адамның өз ортасы бар. Мұхтар БАҚ өкілдерімен өте жақсы қатынаста болды. Үнемі ойындағысын бүкпесіз айтатын. Парламентте өте алғыр бола білді»,-деді Сұлтанов.

Ол сондай-ақ, Мұхтар Тінікеевтен еш көңілінің қалмағанын жеткізді.

Ертеректе, шулы жағдайдан кейін, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев депутаттық өкілеттілігінен бас тартып, ҚР ОСК өтініш жазғаны белгілі болды. 28 желтоқсан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы барысында, депутат Мұхтар Тінікеевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы ҚР ОСК ұсынысынан кейін мақұлданды.

Тінікеевтің қатысуымен түсірілген бейнежазба

Осыдан біраз бұрын әлеуметтік желіде Тінікеевке ұқсайтын адамның шамамен қалалық маслихат депутаты Николай Полевойды бірнеше рет жағынан ұрып, оны мазақ етіп жатқаны түсірілген бейнежазба тарап кетті. Жазбада Николай Полевой: «Мұхтар Бәкірұлы мені көтерген, мені депутат етті. Мені адам қатарына қосты. Мен сені ешқашан сатқан емеспін»,- деп айтып жатыр.

Ал, Мұхтар Тінікеев өз кезегінде осы бейнежазбадағы әрекет осыдан екі жыл бұрын түсірілген ойын екенін айтады.

Кейін, бейнежазбаның екінші қатысушысы Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырымның депутаты Николай Песков ғаламтар қолданушылары мен БАҚ өкілдеріне аталмыш оқиғаны өз ұпайларына пайдаланбауды сұрады. Полевойдың айтуынша, бұл бейнежазба Тінікеев екеуінің жеке мәселесі, ал жазба желіге түсініспеушілікпен кетіп қалған.

«Біз Мұхтар Бәкірұлы екеуміз бала кезден доспыз. Арамыздағы жағдай тек ЕКЕУМІЗГЕ ғана қатысты, басқа ешкімге емес»,-деді Николай Полевой.

Желтоқсанның 21 күні Тінікеев мәжілістің пленарлық отырысына келген жоқ. Табиғатты пайдалану және экология мәселелері бойынша комитеттің төрағасы Глеб Щегельскийдің айтуынша, Тінікеев жоспарлы медициналық тексеруден өтіп жатқан көрінеді. 

ҚР Парламент Мәжілісі төрағасы жанындағы депутат этикасы Кеңесінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов тілшілерге Мұхтар Тінікеевтің қатысуымен болған оқиға міндетті қарастырылатыны туралы уәде берді.

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить