Шымкентте жеке тұрғын үйдің опырылуынан әйел адам қаза тапты

Фотография - Шымкентте жеке тұрғын үйдің опырылуынан әйел адам қаза тапты

Сурет: 24.kz

Алдын ала болжам бойынша, тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылған.

350 0

Шымкентте 2 қабатты жеке тұрғын үй опырылды. ТЖ салдарынан 1 адам қаза тапты деп, хабарлайды Today.kz мемлекеттік «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылған.

«8 қаңтарда, сағат: 3:55-те ОҚО ТЖД болжам бойынша, 2 қабатты жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылған деген хабарлама келіп түскен. Опырлыған аумақтың ауданы 64 шаршы метрді құрайды. Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде үйінді астынан 4 адам шығарылды. Оның үшеуі дәрігердің бақылауында болса, біреуі ауруханаға барудан бас тартты. Сағат: 4:25-те бірінші болып бір жасар баланы құтқарды. Сағат: 4:28-де оның әкесі табылса, артынша төрт минуттан кейін анасы шығарылды. Әйел сол жерде қайтыс болған. Сағат: 4:32-де бір адам, сағат: 4:53-те соңғы адамды құтқарды», - деп хабарлады ОҚО ТЖД.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірдің ТЖД 30 қызметкері жарылыс болған аумақты қоршауға алды. Сондай-ақ, энергетика және газ шаруашылығы қызметінің төрт қызметкері электр қуаты мен газды уақытша ажыратты.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!